Бірін-бірі жеген қазақ
Әбеттің кезінде үйге әкемнің жолдасы келген. Көңіл-күйі жоқтау боп көрінді. Біреуді келістіріп тұрып боқтап отыр. Түсінгенім, ауылдан көшерде бір жақынына 4 биесін қалдырыпты. Барып сұраса өлді, жоғалды, қасқыр жеді қылып, түк қайтармаған.
Тағы бір таныс кісі кезінде малданам деп, ауылдағы бір ағайынына он жылқы қосады. Көп ұзамай өзі кенеттен қайтыс болады. Бала-шағасы барып, әкелері қосқан малды сұраса әлгі танысы “Ешқандай мал әкелген жоқ” деп жолатпай қойыпты.
Біз өзіміз де ауылдан көшерде бір туысқанымызға оншақты малды қалдырғанбыз. “Сенде жүре берсін. Өседі, төлдейді. Осыдан бізге жылына бір соғымдық мал беріп отырсаң жетеді”, - демей ме әке-шешеміз. Соңы не болды дейсіз ғой? Сол он малдан бір соғым да тимеді. Он басты бірдей ұрылар айдап кетіпті-мыc.
Кісіге қосқан, сосын атаған мал туралы осындай оқиғаларды көп, өте көп естимін. 90% финалы бірдей. Ауырды, жоғалды, ұрланды, сорға түсті, қасқыр жеді деп кете береді. Әкеміз айтпақшы әйтеуір бірін-бірі жеген қазақ. Сіздерде де солай ма?
Бахтияр Хамит
Facebook парақшасынан