Арман Шораевқа іздеу жарияланды
Әлеуметтік желіде Қосшы қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімінде түсірілген видео пайда болды. Видеодан ақпараттық стендте белгілі журналист әрі қоғам қайраткері Арман Шораевқа қатысты іздеу қағазы бекітілгенін көруге болады.

Көкшетау қалалық полиция басқармасы қоғам белсендісіне іздеу жариялады. Арман Шораевтың үстінен кәмелетке толмаған жасөспірімге дене жарақатын салды деп арызданған.
Ақмола облыстық полиция департаменті, бұл ақпаратты растап, 24 мамыр күні Көкшетау тұрғынынан полицияға арыз түскенін хабарлады. Онда ер адам кәмелетке толмаған ұлын Арман Шораев соққыға жыққанын айтқан.
"Аталған арыз бойынша бастапқы процессуалдық әрекеттер аясында көрсетілген азаматты жеткізу үшін жеке құрамға бағдар берілді", – делінген хабарламада.
Департаменттің мәліметінше, сол күні-ақ Арман Шораев полиция басқармасына өзі келген. Сөйтіп қажетті процессуалдық және тексеру шаралары жүргізілді. Сол себепті жеке құрамға берілген жеткізу туралы бағдар өзектілігін жоғалтқан.


