Алматыда интим қызмет көрсеткен жеті әйел ұсталды

Oinet.kz 07-06-2026

Алматының Бостандық ауданында полицейлер "боди-массаж" атын жамылып жұмыс істеген жасырын салонның қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі  Алматы қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_50.jpg

Сауықтыру қызметінің атын жамылып, интим қызметтер көрсетілген мекемені учаскелік инспекторлар қаланың элиталық ауданындағы жеке үйлердің бірінен анықтады.

Тексеру барысында жеті әйел ұсталды. Олар полицияға жеткізіліп, жеке басын анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазір тексеру іс-шаралары қолға алынды. Мекеме әкімшілігіне қатысты тиіс шаралар қабылданды.

Әл-Фараби бойындағы жол апатына қатысты жаңа дерек айтылды
"Тарақандар өріп жүр". Жолаушылар Маңғыстау-Семей бағытындағы пойызға шағымданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу