Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов отставкаға өтініш берді

Oinet.kz 03-06-2026

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталған бірінші орынбасары Жақсылық Омарға қатысты үкім заңды күшіне енгеннен кейін қызметінен кету туралы өтініш жазды.

Screenshot_21.jpg

ШҚО әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Жақыпованың мәліметінше, облыс әкімі заңнама талаптарына сәйкес отставкаға өтініш бергенімен, оның өтініші қанағаттандырылмаған.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов белгіленген тәртіппен отставкаға кету туралы өтініш берді. Өтініш қаралғаннан кейін, оның аталған іске қатысы жоқ екендігі ескеріліп, отставканы қабылдамау туралы шешім қабылданды. Облыс әкімінің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытындағы қызметі қалыпты режимде жалғастырып жатыр", – деп хабарлады ол.

Бұған дейін Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыс, республикалық маңызы бар қала немесе астана әкімі оның орынбасары, аппарат басшысы немесе аудан, облыстық маңызы бар қала әкімі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда отставкаға өтініш беруге міндетті екенін түсіндірген еді.

Гүлзира Айдарбекова 9 рет түсік тастағанын жасырмады
Ержан Жиенбаев Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу