Жай ғана досың емес: Ер адамның сізді ұнататынын көрсететін 12 белгі

Oinet.kz 14-09-2023 666

Ер адам мен әйелдің арасындағы достық жайлы көпшіліктің ойы әлі де бір жерден шықпайды. Біреулер ер адам мен әйелдің арасында достық болмайды десе, басқалары өз тәжірибесімен ол мүмкін екенін дәлелдеп жүр.

Screenshot_3.jpg

Қалай десек те, мұндай қарым-қатынас кезінде сізді оның достық па әлде одан да тереңірек сезім бе екені жайлы ойлар бір рет болсын мазалаған болар?! Әсіресе, бірінші кезекте бұл туралы әйелдер ойлайды. Әрине, әр адам өз сезімін әртүрлі жолмен білдіруі мүмкін. Бірақ мына белгілер оның сізді ұнататынын көрсетуі мүмкін.

1. Сізге басқаларға қарағанда басқаша қарайды

Ер адам сізді ұнатып қалса, ол сізге ерекше қамқорлық пен құрмет көрсетеді.

2. Сізбен байланысты ұсақ-түйектерге де мән береді

Ол сіз жайлы ұсақ-түйек нәрселерге ерекше назар аударады. Сізге не ұнайтынын, не ұнамайтынын және сіздің қызығушылықтарыңыз жайлы білгісі келеді. Бұл арқылы ол сізді жақсырақ танығысы келеді.

3. Әңгімені бірінші ол бастайды

Ол кез келген әңгімені бірінші өзі бастайды. Бірінші хат жазады, бірінші телефон соғады және бірінші болып кездесуге шақырады. Бұл оның сізбен көбірек сөйлескісі келетінін көрсетеді.

4. Күлкілі болмаса да, сіздің қалжыңдарыңызды жақсы көреді

Бұл арқылы ол сіз оның қасында өзіңізді жақсы сезінгеніңізді қалайды.

5. Сіздің пікіріңізді сұрайды

Ол үшін сіздің пікіріңіз маңызды және ол сіздің көзқарасыңызды бағалайды. Сізден жиі кеңес сұрайды.

6. Сіз үшін барынша тырысады

Ол өтініш айтсаңыз да, көмек сұрасаңыз да барынша орындауға тырысады.

7. Сіздің қасыңызда өзін еркін ұстайды

Сіз оған достан да артық ұнасаңыз, ол өзін жайлы сезінеді және өзінің шынайы ойларымен бөліседі. Бұл сізге деген оның сенімділігін көрсетеді.

8. Қызғанады

Сізге басқалар қызығушылық таныта бастаса, қызғанады. Ол сізді құрметтейді, бірақ басқалар сізге романтикалық тұрғыда жақындағысы келсе, өзін жағымсыз сезіне бастауы мүмкін.

9. Сізбен жалғыз қалғысы келеді

Достарыңызбен серуендеуге немесе кафеге баруды жоспарласаңыздар, ол сізбен жалғыз болғысы келеді.

10. Сізді отбасымен және достарымен таныстырады

Ол болашағын сізбен көреді, сондықтан сізді өзінің жақындарымен таныстырады.

11. Ол сіздің сенімді досыңыз

Ол әрқашан қолдайтын және кеңес беретін ең сенімді дос.

12. Көзіңізге көп қарайды

Әңгімелесу кезінде ол көзіңізге тіке ұзақ уақыт бойы қарайды.

Психологтар достықтан махаббатқа ұласқан қарым-қатынас берік болатынын айтады. Сондықтан егер сіздің де оған сезіміңіз болса, оны ашық білдіруден қорықпаңыз.

massaget.kz

Не үшін тамақты ыстық күйінде тоңазытқышқа салуға болмайды?
«Денесі көгеріп, тынысы тоқтап қалған»: Жасөспірімді өлімнен құтқарған әйел оқиға туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу