Не үшін тамақты ыстық күйінде тоңазытқышқа салуға болмайды?
Біреулер тамақты жылдам суытқысы келіп, оны тоңазытқышқа салады. Ал кейде үйден шығып бара жатсаңыз немесе ұйықтайын деп жатсаңыз, тамақ ашып кетпес үшін суығанын күтпей оны тоңазытқышқа сала саласыз. Алайда бұл әдет тоңазытқышыңызға зиян келтіруі мүмкін. Оның негізгі себептерін ұсынамыз.
Тоңазытқыш булану деп аталатын технология негізінде жұмыс істейді. Онда тоңазытқыш агентімен толтырылған каналдар бар. Бұл тоңазытқыш агенті буға айналып, тоңазытқыш ішіндегі ауаны салқындатады. Ауа салқындаған кезде ол төмен түсіп, өнімдерді салқындату үшін тоңазытқыш ішімен айналады.
Ал ыстық тамақты тоңазытқышқа салған кезде не болады?
Біріншіден, тоңазытқышқа қосымша күш түседі. Тоңазытқыш тамақты салқындату үшін бар қуатымен жұмыс істеуі керек. Бұл оның жылдам бұзылуына әкеледі.
Екіншіден, ол булануы мүмкін. Сол үшін тоңазытқыш ішіне ылғал жиналып, конденсация түзіледі. Конденсат өнімдердің бетіне және тоңазытқыш ішіне жиналады.
Үшіншіден, тамақ ұзаққа дейін суып болмайды. Себебі ыстық тамақ тоңазытқыш ішіндегі температураны көтеріп жібереді. Оның салдарынан басқа өнімдер қызып, тез бұзыла бастайды.
Төртіншіден, ыстық тамақ тоңазытқыш есігінің резеңке тығыздағышын зақымдайды. Ыстық тамақ тоңазытқыш есігінің резеңкесін қыздырады, бұл оның өзгеріске ұшырауына әкеледі. Ал егер резеңке бүлінсе, тоңазытқыштың есігі дұрыс жабылмайды. Бұл жалпы тоңазытқыштың істен шығуына әкелуі мүмкін.
Бесіншіден, ыстық тамақ тоңазытқыштағы басқа өнімдердің сапасына әсер етуі мүмкін. Тоңазытқышқа ыстық тамақ салу онда бактериялардың көбеюіне әкеледі. Басқа өнімдердегі микроағзалар мен бактериялар көбейсе, бұл тамақтан улануға әкелуі мүмкін.
Сондықтан ыстық тамақты бөлме температурасында суытып, содан соң ғана тоңазытқышқа салу керек.