Автобуста декольте көйлек киген келіншектің жер-жебіріне жеткен еркек

Oinet.kz 06-05-2023 2110

Таңертең жұмысқа аса кешікпейтін болсам қалаға автобуспен барамын. Ауылдан шыққан соң бір қыздай келіншек, мүмкін кәрі қыз, -Агай, можно я сяду деді,  -Куда сядиш дегім келді. Демедім жәй орын бердім.

Screenshot_17.jpg

Тұрған соң көзім түспегір декольтесіне түспесі бар ма? Өзі  де жоғарыдан төмен көзің түссе, домаланып адамды еріксіз қаратады ғой. Декөлте көйлекті де тапқан екен кәлтектей қылып төсті де берген екен. Ана  кеуде ашпаса да  көзге түсерлік. Маршал Жуковтың  аттың  сынын төртке  бөлетіні бар; 

Біріншісі Ер мінезді Еркек. Екіншісі Әйел мүсінді Сұлулық. Үшінші әсем жүрісті Түлкі. Төртінші төзімді Есек. Сонда аршынтөсті кең кеуделі бір әйелдер  болады, дәл  сондай аттың  да омыраулы, кеудесі кең, алқымды болуы керек деген жері бар. Мына әйел сүтті болар деп қоям. Зоотехникалық анықтамалықтан сиырдың емшегінің тығыздығына  байланысты үш түрі, 1 беземшек, 2 етемшек, 3 майемшек, формасына қарай, тағы тегене тәрізді, алмұрт тектес, қауынемшек деген сияқты біраз түрі бар деп оқығаным есіме түсті. Және бір Ресейлік сары басылымда әйелдің сүтті болуы кеудесі үлкеніне қарағанда формалы шағынында жиі болады,ал үлкен кеуде еркектер қызығы үшін делінген. 

Мәссаған балаға  сүт сатып алуға кеткен ақшаны есептеп, сиыр сатып алған тиімді екенін  ойлағалы сиыр алғым келіп жүргеннен бе сүтті емшекті  ойлап кетіппін, оған мына келіншектің (мүмкін қыз) не қатысы бар?! Тағы қарадым. Сол кезде ана келіншек (мүмкін қыз) көзін маған бір алартты. Мен қайбір мінезге жарыған адам, қырсыққаннан тесіліп қарап көзімді екі төбенің қосылған жеріндегі сайға қадап қойдым. Ана қыздан (мүмкін келіншек) маза кетті. Жоқ деймін да өзі ұялып, қысылып қараған көзқарас танытса мен де ұялар едім қарай беруге. 

Бір кезде жаңағы көкірегі ашық көзі бояу қара қыз, 

-Ага чё вы пялитесь на мою грудь демесі бар ма. Бағанадан күтіп тұрғаным сол еді. 

-Кеудеңіз әдемі екен дедім. 

-И?! Адеми болса қарайсыз ба. Это же дикость деді.

-Иә, еркекті әдемілікке қарап қызығып өмірге құштарлансын деп жаратқан. Сұлулыққа қарау жабайылық емес, жалаңаш жүру жабайылық. Мәдениетті деген Европамен жабайы Африкада баяғыдан ашық шашық жүрген,сол Еуропаға мәдениетті біздің бабаларымыз атпен апарған.Тек бізге сол мәдениет шешініп қайтып келді дедім. 

-Уятсыз екенсіз деді. Жан-жағыма қарасам, қадалған көз көбейіпті.Мен саспадым, жымиып күлдім де,

-Емізулі баласымен күйеуі ғана көру керек кеудені ашуға сіздер ұялмай, қарауға біз ұялғаннан майысып жүруіміз керек пе дедім.

Автобуста мырс еткен дауыс көбейді.

Ана келіншек (мүмкін қыз) енді  ұялып кеудесін алақанымен жаба бастады. Оған да рақмет! Мен көзімді тайдырып әйнектен сырттағы әсем табиғатқа бұрдым. 

Еуропада әйелдердің ашық киінуі атамзаманнан бар. Бізде Мұсылман діні келмей тұрып-ақ әйелдер ұзынетек көйлек киіп, бабаларымыз атқа отыруға ыңғайлы болу үшін шалбарды ойлап тапқан. Әсіре ашықтықты да дәріптеген еуропа сән әлемі. Осының бәрі әлемде көбейіп бара жатқан адамзатты азайтудың бір жолы шығар.Әлемде алпауыт елдер аз ұлттарды жоюдың небір құйтырқы жолын жасап жатыр. Өйткені әйелдері тұмшаланып жүретін Араб елдерінде эмпотенция 0.1 пайыз да әйелдері шешінгіш еуропада 30% үстінде екен. Мен ойлаймын еркек көзбен сүйеді сөзінің жаны бар ғой деп. Көзі көреді, көңілі түседі, қан қысымы көтеріледі, тағы бірдеңе босқа көтеріледі, түседі содан организмге тәуелді адам мүшелері ерте шаршап тозатын шығар деп. 

Жігіттер егер ашық шашық, құлынмүшесін көрсете тырыстырып киінген қыз-келіншек көрсеңдер тесіліп қараңдар. Егер еркек біткен солай қараса қыздар ұялып, ұятты жерлерін тығып, жасырып  жүрер мүмкін! Маған өзі қашаннан  дөрекі ашық қыз, майысқақ, ұялшақ ұл ұнамайды.

Ұлың ұрынып өлсін, 

Қызың тығылып өлсін деп ақын апамыз бекер айтпаған ғой! Бізге саналы да сапалы ұрпақ керек, сондықтан жабық жүріңдер қыздар! 

Қызуқандылыққа үйрететін жылқымінез жігіттеріміз аман болсын ! 

Жігіттің көрікі жылқыда, 

Қыздың көрікі құлыпыда! 

Айтпақшы мен әйеліммен бірге жүргенде де қараймын ондай "сұлулыққа". Әйелім қойсай, ұялтпасай дейді. Еңбекті бағалау керек, біз қарасын деп киді ғой деймін.

Маралбек Базарбайұлының facebook парақшасынан

Етікші қытайдың қызын алып қашқан қазақтар
Еңбекқор ердің арбаға таңылып отырғанын көру ауыр екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу