Оспан батыр туралы сұмдық оқиға

Oinet.kz 05-04-2023 1869

20-ғасырда Қытайдың аз санды ұлттарға жасаған геноцитіне қарсы күрескен Хас батыр Оспан Сіламұлы туралы айтса сенгісіз оқиға. Оспан батыр соғыста қарусыз қалып қолға түсіп атылады... 

Screenshot_9.jpg

Оспан батырды ату майданынна алып келіп, атылғанын көзімен көрген, етінен ет кесседе елемейтін, кейін қытай түрмесінде 41 жыл отырып әлемді дүрліктірген атақты жазушы Қажықұмар Шабдан болатын. Сол кезде Ошыңның атылғанын көзімен көргенде бір бұрышта еңіреп жылайды. 

Сәл шегініс жасайық, 1950- жылы Оспан тұтқындалғаннан кейін Үрімжідегі Нәнмірдің жанындағы азаптау түрмесінде болады. 

Өлке бастығы Уаң Жың келіп тергей бастайды, бірақ дала көкжалы Ошың көзге ілмейді. 

— Маған етек басты әйел мінезді еркектер тергеуші бола алмайды. Мау көсемдеріңнің өзі келсін,- дейді. 

Қанша қақарланса да батырдың көзінен қорыққан Уаң Жың өзі жолай алмай, жендеттеріне  аямау туралы тапсырма береді. 

Сонымен Ошыңды түрмеде бір жыл азаптайды. Сақалының әр талын тістеукпен жұлады,  саусағына ине жүгіртеді, білген зұлымдығын жасайды. 

1951-жылы Оспан батырды ату майданына алып келе жатса заупаншылардың (қызыл жеңділердің) ішінде қытайы бар, қазағы бар (сатқындар). 

- Оспан кері төңкерісші, Оспан банды,- деп қызыл жалауды көтеріп батырдың соңында келе жатады... Оспан батыр кекесін күлкімен күледі де ләм деместен кете барады. Ұзын құлақта солардың көбі мерт болды дейді. 

Сол кезде Швеция концольы: "Мен тұңғыш рет әлемле сирек кезігетін майданы берік, бір сөзді, қас батырды көрдім!- деген екен.

Белгілі ғалым Жағда Бабалық Оспан батыр атылып кеткені жөн болды деген екен. Себебі қанша жерден компартияшыл болсада, батырдың азапталғанына жүрегі шыдамаған болса керек. 

Міне, Қажұғұмар Оспанның шексіз батырлығынан үлкен қуат алған. Ол 41 жыл қытай түрмесінде жанкештілікпен отыруы адамзат тарихында болмаған, бұдан былай болмайтын қас батырдың болмысын қайталады. 

Оспан батыр қазақ халқын қорғау үшін  30 жыл Қытай геноцитіне илмей қарсы тұрған батыр. Ол қисапсыз қытай шеріктерін қырғындаған. Ұл Шердиманның бір өзі Оспан атылғанда 20 мың жау әскерін опат қылған. 

Компартия басшыларның ұсынған бес жұлдызын көріп, "Шың Шысайдың 6 саясатының біреуін ғана құлатқан екем, енді бесеуі қалыпты" деп қарсы шайқасын жалғаған. Олардың ұсынған темір-терсегін "мұндайды бізде қыз-келіншектер тағады" деп іргеге лақтырған қайсар батыр. Осылай басшыларды жер қылған тұлға. 

Ат үсті дамылсыз соғыстарында 5 уақыт намазын қаза қылмай оқыған иман-таухидта болған шын мұсылман! 

Қажықұмар шовнис емес, қазақ халқы үшін ҚОРҒАНУ СИПАТЫНДАҒЫ ұлтшыл! 

Осы қос батырға, даңықты аталарымызға, оразада Аллаһтың рахмына бөленсін деп дұға жасаймын!

Серік  Боқан  

Әкеден қалған тиын-тебен үшін інім екеуміз 20 жыл бір-бірімізбен араласпай кеттік
Жиһангезді құмай құстың киесі ұрды ма, өзіне ас ұсынған халықтардың наласы тиді ме?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу