"Әзірет Сұлтан" қорық-музейі Арыс қаласына бір күндік жалақыларын аударады
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі" РМҚК ұжымы Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты әлеуметтік көмектер көрсету мақсатында бір күндік жалақыларын аударуға келісті.
Қорық - музей қызметкерлері арыстық тұрғындардың басындағы қиын жағдайларды қалпына келтіру үшін, барынша қолдау көрсету мақсатында мақсатында басқа да көмектерге қол ұшын созуға дайын.
#АрысБізБіргеміз