Қызды еркін өсірудің зардабы
Менің де қызым еркін өсті. Шешесі жұрттан кем болмасын деп ұлдардан артық ұстауға тырысты. Өскесін менің тарапымнан: "шашыңды неге қидың, неге шалбар кидің, басыңды неге жауып жүрмейсің?",- дегендей үнемі ескертуіме араға шешесі түсіп, көп жанжалға себеп болды.
Қызым маған: "Папа, ты меня не любишь",- дейтін орысшалап. Сонымен бір ашуланғанда: "Байға тиесің, бала туасың, сонда көресің әкең бе әлде шешең бе сені жақсы көрген",- деп бұл тақырыпты жапқанмын.
Сонымен байға да шықты жақсы әулетке, бала туды мен алыста жүргенде. Сапардан келсем құда келіп отыр. Өзі атақты профессор ғұлама ғалым, дәрігер еді. "Немерелі болдым бірақ жүйке ауруымен туылды. Алматының бар таңдаулы доқтырларын, психологтарын жинап кеңес құрып, енді 3 ай сайын бұл баланы 3 ауруханаға жатқызып, емдеп жылдар бойы бақылауда болады",- деді.
"Бала қайда қазір?" десем, ауруханада "Чапаевада" жатыр екен.
Содан намыстан жарылардай ашуланып, қызыма да барғаным жоқ. Райымбек батыр шырақта батаға келіп "Қызыңа бар, жағдайын сұра, дем салынады" деп аманат түсті. Сонан ертесіне қызыма барып, телефонмен сөйлесіп тұрсам: "Папа, кешір, мен енді түсіндім сіздің жылдар бойы маған неге ұрысқаныңызға",- деп жылап тұрды. "Жарайды. Онда ертең дұрысқа келеді, шығарады. Енді шариғатты ұстансаң, бала жазылады",- деп ескертіп кеттім.
Сонымен, ертесіне жиен шақалақтың қалтырағаны қойып, ауруханадан шығарып үйіне апарып ырымын да жасадық құдалармен бірге. Содан күнде құда, күйеу бала, құдағайдың үйден шыққанын аңдып тұратын болдым ерте барып, есіктерін бақылап. Олар кетісімен үйге кіріп жиенге уқалаумен дем салып, ақырында бір айда құлан таза жазылды, тартылғаны да, басқасы да қойды. Енді қазір ол жиен мықты азамат болып, өз қатарынан әлдеқайда ірі әрі ақылды болып өсіп жетіліп қалды.
Бұл біздердің ата жолындағы қазақтың ақ бақсылық психологиясындағы тәжірибеден талай жүздеген амалдардың бірі ғана.
Қыз — өрісің. Қыз баланың тәрбиесі, киім киіс, жүріс-тұрысы ертеңгі өмірінің негізін қаламақ.
"Әкенің әңгімесі"
Айгүл Тәуіпбаеваның фейсбук парақшасынан