Тасбақаның үйі (таным)

Oinet.kz 13-01-2020 959

Тасбақа үйі.jpg

Есте жоқ ескі заманда адамдар қалай үй салу керегін білмепті. Бәрі үңгірде тұрыпты. Бірақ үңгір іші суық, есігі жоқ, мекенге жайсыз екен. Кейін жерден кепе қазып, соны үй етіпті. Бірақ жаңбыр жауса, оның іші суға толып, елдің мазасы қашады. Жұрт не істерін білмей, уайымға батады. Сол кезде тасбақаның адамға жаны ашып: - Әй, бауырлар, үй салуды менен үйреніңдер! Үйдің шатыры менің сауытым сияқты дөңес болсын! Төбесіне қар тұрмайды, жауын суы сырғып ағып түседі. Сырты домалақ болсын, жел айналып өтеді. Көшсем, өзіммен бірге алып жүремін. Іші жылы, тысы берік, - депті. Жұрт тасбақаның сөзін мақұл көріп, үй жасауды үйрене бастайды. Оны көшкенде өзімен бірге алып жүруге ыңғайлы етіп, киізден жасапты. 

«Отбасы хрестоматиясы»

Құмырсқаның илеуін бұзба
Бөрінің Тәңірісі бар (аңыз)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу