Бастауыш сыныппен қоштасу туралы эссе. Сен әлі тәп-тәттісің

Oinet.kz 25-11-2020 2452

Бастауыш сынып.jpg

Әлі есімде осы биді үйрену үшін Нұрсұлу апайымыз қанша күн тер төккен еді. Ол кезде қазіргідей дайын би жоқ. Барлығын музыка ырғағына сәйкестендіріп ойдан  қоятын. Үйдегілердің айлық жалақысы 3000 теңгеден сәл асатын. Жарық жанбайтын су сағатпен ағатын шақ еді. Жаңылыспасам сол кезде жарық болмай көйлекті дұрыс үтіктеп те бармадық. Оған ренжімедік, бар ойымыз осы мерекені әдемі аяқтау болатын. Сыныптағы балдар өзімізге жүктелген міндеттерді толықтай алып шықтық. Қарап отырсам сол кезде жауапкершілік мықты болған екен ғой. Айлық аз, жарық жоқ, т.б деп проблемаларды айтсақ бұл кеш өтпейтін еді. Одан бөлек ақша жоқ анау-мынау демей ата-аналар да ұйымдастыруға келісіп көнбіс болып тұр ғой. 

Тым раскош болмаса да Сол кез әле тәп-тәтті.... 

Біз осылай қоштасқанбыз... Бастауышпен.

Бейбіт Қазыбеков

Том мен Джерри: көгілдір экран сыртында
Қазақтың батыр қызы Сүзге туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу