Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Осыдан 160 жыл бұрын, 1839 жылы Мәскеудiң сол кездегi атақты журналы «Современникте» қоғамға әлi оншалықты таныла қоймаған жас жазушы Петр Ершовтың «Сүзге. Сiбiр аңызы» атты батырлық әрi трагедиялық дастаны жарық көрдi. Бұл жазушы кейiннен әйгiлi болған «Конек-Горбунок» ертегiсiнiң авторы едi. Сол заманда Ресей оқырмандары тарихи шындықты баяндаған, қазақ қызы Сүзге туралы аңыз дастанды қызыға оқығаны даусыз. Шығарма желісінде, Сiбiр хандығы мен атаман Ермактың арасындағы текетiрес, ұзақ жылғы соғыс пен орыстардың Сiбiрдi игеру саясаты нақты ашылып, негiзге айналған.
Жалпы осы дастанды жазуға Ершовты Сiбiрдiң тарихын терең бiлетiн, сол өлкенiң азаматы Петр Словцов итермелейдi. Сонымен қатар ол осы аймақтың тұрғындарының аузынан жазылып алынып, мұрағаттардың ескi жылнамаларында сақталған оқиға дерегiн iздеп тауып, шығармасына пайдаланады. Дегенмен, осыларды тарқатып айтпай тұрып, сол бiр мезгiлдегi тарихқа шолу жасайық. Заманында Сiбiр хандығының аумағы, батыс Сiбiр мен Солтүстiк Қазақстан аймағын алып жатқан, астанасы – Iскер қаласы Тобыл өзенiнiң Ертiске құяр жерiне орналасқан. Хандықтың негiзгi тұрғындары қазақтың арғын, қыпшақ, табын мен жалайыр және тағы басқа рулары болды. Бұл рулар хандықты құрған әрi ұстап тұрған. Бұлармен қоса азғантай вогул мен астяк топтары мекендедi (қазiргi ханты-мансылардың ата тегi).
Бұл хандықты түрлi жаулармен тынбай күресiп жүрiп, өзi ұйымдастарып, өзi құрған Көшiм хан биледi. Егер тарихи шындыққа жүгiнсек, бұл да қазақтың ұлы ханының бiрi емес пе?! Төңкеріске дейiнгi орыстың тарихшы ғалымдары Н.Карамзин, А.Левшин, П.Небольсин және басқалары Көшiм ханды қазақ руының азаматы деп зерттеп жазған болатын.
Тiптi ұлы ғалымымыз Шоқан Уәлихановтың өзi «Кучум был султан киргизский» («қазақ сұлтаны» деп оқылады) деп жазған. Көшiм хан 1510-1520 жылдардың аралығында қазiргi Арал теңiзiнiң солтүстiк өңiрiнде туған екен. Жас жiгiт кезiнде өзiнiң аз ғана сарбаздарымен Сiбiр жаққа ауып, жергiлiктi бытыраңқы тайпалармен соғысқа жүрiп әрi бiрiктiрiп, ұйымдастырып, өзiнiң хандығын құрады. Жиырма жылдық тарихында хандық қатты күшейiп, дамиды. Бүкiл Сiбiр байлығы қазақ тайпаларының қолында болды. Хан артта қалған Сiбiрге өркениет әкелдi, бұл жақтың көшпелi елiн ислам дiнiне бағыттады. Сауран, Бұхар, Үргенiш, Қырым, Персиямен сауда қарым-қатынасын орнатты. Ол өз заманындағы өте бай адам болды. Оны сол кезеңдегi «Сiбiр Крезi» деп айтуға толық мүмкiндiк бар.
Мiне, осы айбарлы да атақты ханның сүйiктi әйелi Сүзге ханым едi. Сүзге – Есiл даласын уысында ұстаған қазақ сұлтанының қызы болатын. Хан сарайындағы ақындар мен әншiлер Сүзгенiң ақылдылығын, сұлулығын, адамгершiлiгiн, батылдығын аса жоғары бағалаған. Тіпті, «Красотой с которой могла спорить лишь утренняя звезда Шолпан» деп әнге қосқан.
«Но на всей земле сибирской, Нет прекраснее Сузгуна» деп жырланады дастанда.
Хан өзiнiң сүйiктi жас әйелiне Iскердiң қасынан ағаштан арнайы қалашық салдырады. Көптеген күңдер, құлдарды берiп, нөкерлерiне қалашықты күзеттiрiп қояды. Бұл қалашықтың орны қазiргi Тобыл қаласының қасында үлкен төбе болып осы кезге дейiн көрiнiп тұр. Оны сол жердегi жұртшылық «Сүзге-Тура» деп атайды (Сүзгенiң тұрағы дегенi ғой). Айтылуының өзiнен қазақ атауы екенi анық байқалады. Қалашықтың айналасы ағаштардан құрастырылып қағылған мықты қорған болатын. Әр бұрыштағы мұнарада садақ асынып, қолына найза ұстанған қарулы сарбаздар тұрды. Сүзге үшiн осы қорған-қалашықтың iшiнен ою-өрнектi етiп дуалы биік әдемi сарай салынды. Төменнен жоғары қарай әсемдеп өрiлген баспалдақпен көтерiлуге болатын. Хан әр аптаның жұма күндерi намаздан кейiн осында келiп демалатын. Өзiмен бiрге Шығыстың қымбат киiм-кешектерiн, түрлi тiл үйiрер дәмдi тағамдарын ала келетiн едi. Осылай жылжып өтiп жатқан бейбiт заманды казак Ермактың жорығы бұзды. Хан әскерлерi жан аямай қарсыласып соғысқанымен, оқ-дәрiмен атылатын зеңбiрекке және мылтыққа қарсы тұра алмады.
Ол жырда төмендегідей жырланады:
– От крутых верхов Урала,
К нам от западной границы,
Без призыву, без прошения,
Вдруг пожаловали гости,
И пируют нашей кровью,
По сибирской всей земле…
Хандықтың құлағанын естiп, Сүзге қалашықтың барлық қақпаларын жаптырып, қорғанысқа дайындалады. Азық-түлiктiң ұзақ уақытқа жететiндей қорын жинаттырады. Хандықтың орталығы Iскердi жаулап алған Ермак ендi өзiнiң әскерлерiн өзге қалалар мен бекiнiстердi басып алуға аттандырады. Жау әскерi Сүзге-Тураға келiп жеттi. Бұл Ермактың қолбасшыларының бiрi – Иван Грозаның әскерлерi едi. Қорған- қалашықтың түбiне келген жау қақпалардың ашылуын, мұндағылардың соғыссыз берiлуiн талап етедi. Бiрақ ханшайым оларға былай деп қатқыл жауап қатады:
– Гой, неверный воевода,
Прежде солнце потемнеет,
Прежде наш Иртыш великий,
Потечет назад к истоку,
Чем сдадим мы вам ограду!
Бiрнеше апта соғысып, жау әскерi қалашықты ала алмайды. Олардың зеңбiрегi де, қорқытқаны да, жалған уәде бергенi де iске аспады. Сарбаздар аянбай соғысады. Сүзгенiң өзi де садақты жақсы ататын. Жаудың бiраз адамын өзi жусатып түсiредi. Бiрақ сарбаздары бiртiндеп азайып, қарсы тұрар қауқар кеми бердi.
Ешқайдан көмек келе қоймады. Хан мен Сүзгенiң туған ағасы Мұқаметқұл қазақ аймағы – Есiл даласына қарай шегiнiп кеттi. Бұл жаушының әкелген хабары едi. Осының бәрiн екшеп, терең ойластырған ханым өзiнiң қарамағындағы адам-дардың қанын бекерге төккiсi келмедi. Ол атаман Грозаға адам жiберiп, мынандай шарт қойды.
«Бiз қаланы барлық байлығымен саған қалдырайық, тек сен бiздiң адамдарды босат, әрi кеме берiп, өзеннiң арғы бетiне өтуiмiзге жол аш» деп хабар айтады.
Жырда кестеленгендей атаман былай деп келiсiм бередi:
– …Дам вам волю,
Дам вам судна:
Но пускай царица ваша,
Нам отдаст себя в полон.
Қалашықтағы тiрi қалған адамдарды аман сақтап қалу үшiн Сүзге арбаздарының ақырына дейiн соғысайық дегенiне де көнбейдi.
Күңдерiне былай деп айтады:
Вы прислужницы-девицы!
Отпирайте кладовые,
Выносите все наряды,
И царицу наряжайте,
Завтра праздник у меня.
Таңертеңгiлiк осыған дейiн өзiн қорғаған сарбаздары мен өзiне қызмет еткен адамдардың үлкен кемеге тиелiп, Ертiспен төмен қарай жүзiп бара жатқанын есiк алдындағы биiк тұғырдан қарап, көрiп тұрады.
Үстiне алтын және күмiспен әсемделген киiмдерiн киiп, қаруын асынып, жылап тұрған едi. Қалашықты қорғаушылардың кетуiн асыға тосып тұрған орыс казактары қалашыққа лап қояды. Бiрақ олар ештеңеге үлгермедi. Қымбат байлықтың бәрiн ханым сарбаздарынан берiп жiберген болатын. Жау әскерi ханша сарайының алдында өзiне қанжарсалып, қанға боялып жатқан Сүзгенi көредi. Алдарында жатқан кербез ханшайымның осыншалықты сұлу әрi көркемдiгiне олар қайран қалады.
Что ты сделала царица?
Воскрикнул громко атаман,
Кровь рукою зажимая,
Вдруг царица задрожала…
Елiнiң әрi өзiнiң ар-намысын аяққа таптатқысы келмеген Сүзге ханым өзiн осылай мерт етедi. Жау әскерi ханымның жүректiлiгiне және адалдығына қайран қалып, оны Ертiстiң ел көретiн биiктеу жерiне апарып қояды. Бос қалған қалашықта жау көп тұрмай, керi қайтып кеттi. Тек сонау биiкте, Есiл даласындағы қазақ сұлтанының ару қызы, атақты ханның сүйiктiсi, қазақтың ұлы ханымы мәңгiге қала бердi.
Бұл дастан басылып шыққан соң артынан «Сүзге» деп аталатын пьеса дүниеге келдi. Кейiннен, 1896 жылы осы дастанның желiсiмен композитор И.Корнилов «Сүзге» операсын жазыды. Осылай қайталанбас ұлы қыздың өнегесi өнерде де жалғасын тапты.
Ал қазақтың танымал жазушысы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Шәрбәну Бейсенова бірнеше жыл зерттей жүріп Сүзге ханым туралы тарихи-деректі көркем шығарма жазып, көлемді кітап етіп шығарды. Жалпы, Сүзге ханым өмірі жазушы апамыздың індетіп зерттеп жүрген негізгі тақырыбы десе де болады.
Тарихқа зер салсақ, орыстардан бұрын бүкiл Сiбiрдi қазақ жерiне айналдырып, ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған қазақ азаматы, Сыр бойындағы қазақ руының мырзасы (кете не кердерi немесе басқа рулардан) болған. Ерте көктемде бұлғын аулауға барып, күзде қайтып оралып отырған. Әкелген бұлғын, басқа да терiсi қымбат түрлi аңдарды Бұхар, Самарқанд, Персия жақтың көпестерiне сатып, орасан пайда тапқан.
Көшiм болса, осындай көктемнiң бiрiнде Сiбiрге кетiп, кейiн өзiнiң нөкерлерiмен қайтпай қалған. Сiбiрде қуатты қазақ хандығын құрып, бүкiл суық өлкенi (Солтүстiк мұхитқа дейiн) бағындырып, алғаш игерген, Сiбiрге жол салған. Хандық құрамына бiздiң солтүстiк өлкелерiмiздiң бiраз жерлерi де кiрген. Мiне, осы бiр қазақтың ұлы ханына және атақты Сүзге ханымға Қызылжардан, Қостанайдан, Павлодардан көше, даңғыл аттарын берiп, ескерткiштерiн тұрғызса артық болмас едi. Толып жатқан темiржол бекеттерiнiң және елдiмекендердiң бiрнешеуiн осылардың атымен атаса, кiм қарсы болар едi. Тәуелсiз елiмiздiң терең тарихы осылай толыға түсетiнi күмәнсiз.
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесi
«Ана тілі» газеті