Ерлан Қарин: Мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған

Oinet.kz 03-02-2026

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин жаңа Конституция жобасында мемлекеттік тілге лайықты мәртебе берілгенін айтты деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

karin-et_mediumThumb.jpg

–  Жаңа Конституцияда мемлекеттік тіл қазақ тілі екені тайға таңба басқандай нақты жазылған, айқын бекітілген. Атап айтқанда, жаңа Конституцияның жаңа жобасында «Конституциялық құрылыс негіздері» деп аталатын 1-бөлімнің 9-бабының1-тармағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі деп тікелей белгіленген, анық көрсетілген. Бізде мемлекеттік тіл біреу. Ол – қазақ тілі. Басқа мемлекеттік жоқ, - деді ол.

Ерлан Қарин қазақ тілі биік тұғырда, өз орнында екеніне сенім білдірді. 

– Мемлекетіміз барда ол ешқашан ол тұғырдан түспейді. Демек сол үшін, ең бастысы мемлекетті сақтау керек, мемлекетті қорғау керек, ең бірінші, ел бірлігін ойлау керек, - деді Мемлекеттік кеңесші.

«Бюджетке 100 млн теңгеден аса қаржы қайтарылды» - ҰҚК
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу