«Бюджетке 100 млн теңгеден аса қаржы қайтарылды» - ҰҚК
ҰҚК жыл басынан бері 126 дерек тіркелгенін, оның ішінде 110-ы сыбайлас жемқорлық екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Комитет мәліметінше, оның басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
"89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121-і сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) - 18 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.
Бюджетке 100 млн теңгеден аса қаржы қайтарылған.


