Енді Қазақстанда көліктің нақты жүрісін жасырғандар жазалануы мүмкін

Oinet.kz 04-02-2026

Қазақстандықтар автокөліктердің жүрген жолын әдейі азайтып көрсетуге (одометрді кері бұрауға) қатысты жауапкершілікті қатаңдатуды ұсынып отыр деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

 Бұл ретте көрші Өзбекстанның тәжірибесі мысалға келтірілуде. Онда жуырда автокөлік сатушыларына нақты жүрісті жасыруға тыйым салатын айыппұлдар енгізу туралы шешім қабылданды.

Өзбекстанда енді көлік иесі одометр көрсеткішіне енгізілген кез келген өзгеріс туралы сатып алушыны міндетті түрде хабардар етуі тиіс. Бұл бұрау, жөндеу немесе аспаптар панелін ауыстыру жағдайларына да қатысты. Норма күшіне енсе, автомобильдің жүрген жолын өзгертіп, оны клиенттен жасырған сатушы 10–15 базалық есептік бірлік көлемінде айыппұл төлейді. 2026 жылғы есеп бойынша бұл — 4.12–6.18 млн сум (171.6–257.4 мың теңге). 

Еуропаның бірқатар елдерінде де мұндай заңбұзушылық үшін өте қатаң санкциялар қолданылады. Кей мемлекеттерде айыппұл көлемі 100 мыңнан 300 мың еуроға дейін жетеді. Ал Хорватияда одометрді кері айналдыраны үшін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.

Қатаң шаралар АҚШ-та да бар: мұнда айыппұл мөлшері шамамен 10 мың долларды құрайды, ал ең ауыр жаза — 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Ал Қазақстанда автокөліктің жүрісін әдейі азайтып көрсетуге қатысты тікелей қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілік әлі күнге дейін енгізілмеген. Соның салдарынан қолданыста болған көліктер нарығы тәуекел аймағына айналып отыр. Сатып алушылар кері айналдырылған жүрісі бар, жасырын техникалық ақаулары бар көліктерге жиі тап болады.

Мәселе тек одометрмен шектелмейді. Сарапшылардың айтуынша, екінші нарықта ұрланған көліктер, лизингтегі автокөліктер, суға батқан машиналар, сондай-ақ нөмірлері өзгертілген көліктер де анықталып жатады.

Жаңа Конституцияда қарулы қақтығыстарды насихаттауға тыйым салу ұсынылды
Түркістан облысында полицияның салғырттығы адам өліміне әкеліп соққан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу