Қарағандыда бесінші қабаттың терезесінде отырған бала құтқарылды

Oinet.kz 04-02-2026

Қарағанды қаласында  көршінің қырағылығы мен құтқарушылардың жедел әрекеті бір баланың өмірін сақтап қалды деп жазады Оinet.kz порталы.

image.png

Көпқабатты тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерлердің бірінен  ашық терезе алдына шығып отырған баланы көрген көршісі бірден 112 нөміріне хабарласып, құтқарушыларды шақырған. Оқиға Мұқанов көшесінде орналасқан тұрғын үйде болғанын Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Хабар түсе салысымен оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар баланың өміріне қауіп төніп тұрғанын анықтап, дереу әрекетке көшкен. ТЖМ қызметкерлері екі топқа бөлініп, бір тобы терезеге автосаты орнатса, екінші топ подъезд арқылы пәтерге кірген.

Дәл осы сәтте баланың анасы үйіне келіп, есікті кілтпен ашқан. Құтқарушы пәтерге кіріп, 2018 жылы туған қыз баланы терезе алдынан түсіріп, анасына тапсырған.

Ведомство мәліметінше, бала зардап шеккен жоқ. Құтқарушылардың уақтылы әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды.

Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі ата-аналарды балаларды қараусыз қалдырмауға және қауіпсіздік ережелерін үнемі ескертіп отыруға шақырды.

FlyArystan қолжүк салмағын 7 кг-ға дейін ұлғайтты
Ақтөбеде 9 сынып оқушысын зорлап, жүкті еткен ер адам 21 жылға сотталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу