Шымкентте 2 мыңға жуық адам АИТВ инфекциясын жұқтырған

Oinet.kz 04-02-2026

2025 жылғы желтоқсан айындағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырған 1989 адам диспансерлік есепте тұр. Олардың ішінде 1085-і ер адам, 904-і әйел, ал кәмелетке толмаған балалар саны – 52, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, өткен жылы тіркелген АИТВ жағдайларының басым бөлігі 30–39 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі – 31,6%. Бұл көрсеткіштен кейін 20–29 жас тобы (22,4%), 40–49 жас (18,4%), 50–59 жас (15,8%), 60 жастан асқандар (8,6%) және 15–19 жас аралығындағы жастар (2%) орналасқан.

Ресми мәліметке сәйкес, АИТВ инфекциясының таралу деңгейі бойынша Шымкент орташа көрсеткішке ие өңірлер қатарына жатады. Қала еліміздегі 20 өңірдің ішінде 10-орында тұр. 2025 жылы АИТВ инфекциясын анықтау мақсатында 375 207 зертханалық тексеру жүргізілген. Қайта талдауларды есепке алғанда, тексеруден өткен азаматтардың нақты саны 200 мыңға жуықтаған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, өткен жылы Шымкент қаласында ЖИТС салдарынан 3 ересек адам қайтыс болған. Ал соңғы бес жыл ішінде бұл дерттен 33 адамның өмірі қиылған.

Ақтөбеде дәрігер тірі адамды өлді деп тіркеген
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу