2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда өтетін болды

Oinet.kz 03-02-2026

2029 жылғы Қысқы Азия ойындары Қазақстанда Алматы қаласында өтеді. Бұл туралы Азия Олимпиадалық кеңесі ресми түрде мәлімдеді.

image.png

Хабарлама бойынша, қабылдаушы қалаға қатысты келісімге 5 ақпан күні Италияның Милан қаласында қол қойылады деп күтіліп отыр.

Бұған дейін 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарын Сауд Арабиясында өткізу жоспарланған болатын. Алайда қаңтар айында елдің Ұлттық олимпиадалық және паралимпиадалық комитеті мен Азия Олимпиадалық кеңесінің бірлескен мәлімдемесінде турнирдің өткізілу мерзімі белгісіз уақытқа шегерілетіні хабарланған еді. Осыдан кейін кеңес ойындарды өткізу орнын қайта қараған.


Өз еркімен жұмыстан кеткен Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу