Ермұхамед Мәулен: Ғабит Сыздықбеков «Ордабасының» тағдырына қатты алаңдаулы
"Ордабасы" футбол клубы президентінің кеңесшісі Ермұхамед Мәулен алдағы уақытта командада күрделі өзгерістердің болатынын айтты. Сондай-ақ ол қала әкімінің қабылдауында болғанын мәлімдеді деп жазады oinet.kz тілшісі.

"Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғабит Сыздықбеков мырзаның қабылдауында болдым. “Ордабасы” футбол клубының болашағын талқылап, қордаланған мәселелердің шешілу жолдарын қарастырдық. Ғабит Әбдімәжитұлы клуб тағдырына қатты алаңдаулы екенін анық аңғардым. Алдағы уақытта командамызда күрделі өзгерістер болуы тиіс. Шаһар басшысы бұл бағытта қызу жұмыс атқарып, бізге де нақты тапсырма берді. Егер алған бағытымыздан тайқымасақ, Шымкент футбол жанкүйерлерін бір желпінтеміз деген ойдамыз",- деді ол фейсбук парақшасында.
Айта кетейік, белгілі спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен аталған қызметке жақында тағайындалған болатын. Ол осыған дейін Қазақстан футбол федерациясының Қоғаммен байланыс және комуникациялар департаментінің директоры, ҚФФ президенті кеңесшісі және Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметтерін атқарған.



