​Көшпенділер айдар қоюды қайдан қабылдады?

Oinet.kz 01-11-2020 852

image.png

Алғашқы дәуірдегі тайпалар айналадағы аң мен құстың тіршілігін бақылап, олардың кейбір өмір салттарын адамзаттікі ретінде қабылдады. Тоқылдауық деген құс бар. Ол ағаштарға жабысып тұмсығымен ағаштың құрттарын суырып қорек етеді. Тіпті, сіз өліп қалған тоқылдауықтың тұмсығымен тіс шұқитын болсаңыз, тісіңізде қанқұрт болса, олар өлі тоқылдауықтың тұмсығы тисе де өліп қалады. Құдай оның тұмсығына құрт өлтіретін күш берген. Осы тоққылдауықтың еркегі мен ұрғашысын айырудың тәсілі - еркегінде айдар болады, ұрғашысында айдар болмайды. Байырғы көшпенділер осыған қарап ұлына айдар қойған. Қазақ халқының арасында ислам діні тереңдеген кезде, ересек адамдардың айдар қоюы күшінен қалдырылып, тек айдарды әр түрлі ырымды сылтау етіп сәбилердің арасында сақтап қалған.

Көкбөрі Мүбарак

Ашаршылық. Әкемнің аман қаппым пышағынан
Қазақтың «түйе мұрындық» салты туралы білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу