«Ешқайда кетпейді деп ойлаймын» -Гүлзира Айдарбекова Қайраттың отбасы туралы айтты (видео)

Oinet.kz 27-09-2021 2409

Гүлзира Айдарбекова "Алматы" телеарнасының "Paparazzi" бағдарламасында ұлы Қайрат Нұртастың өзіне тарту еткен сыйлықтары, келіндеріне қатысты тараған қаңқу сөздер, сонымен бірге өзінің жеке өмірі туралы сөз қозғады. 

image.png

Гүлзира Айдарбекова ұлы - эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың өзіне тарту еткен бағалы сыйлықтарды жіпке тізіп берді. Продюсердің сөзіне сенсек, ұлының өзіне сыйламаған дүниесі аз екен. Танымал ана пәтерден бастап, ондаған миллион тұратын қымбат көлікке дейін ұлынан сыйға алыпты. 

- "Қайраттың маған сыйламаған нәрсесі жоқ деп ойлаймын. Бір жылдары үш бөлмелі пәтер де сыйлады. Кейіннен өзім ұнатқан Lexus көлігін сыйлады. Басқа кезде гауһар әшекей, қалаған заттарымның барлығын алып береді", - деді ол. 

Сондай-ақ, продюсер өзінің отбасы, балалары мен келіндері туралы таралып жатқан түрлі әңгімелер туралы айтты. 

- "Жұрт сыртымыздан неше түрлі ойлайды ғой. Кішкене сөйлеспей қалсаң да, әңгіме болады. Жастар болған соң, ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды, кейде ренжісіп қалады. Өздері түсінсін деп қоясың. Мен ойлаймын, 4 баласы бар, ешқайда да кетпейді. Құдайға шүкір, бірге тұрып жатыр. Әркімнің жеке ойы ғой. Біреу сыртымыздан сөйтіп әңгіме айтады да, соны халық әрі қарай өрбітіп жібереді", - дейді продюсер. 

Айтуынша, мұндай өсек-әңгімелер халық арасында бұрын да болған. Мәселен, Қайрат Нұртас енді танылып, жұлдызға айналған тұста продюсердің жеке өмірі ел арасында талқыға салынған екен. Оны отағасы Нұртастан ажырасып кеткен дегендер де аз болмапты. 

- "Мені де бір кездері "күйеуімен ажырасып кетіпті, Қайрат көтерілгеннен кейін, қайта қосылыпты" деп әңгіме қылды. Кімнің ойынан шыққанын білмеймін, бірақ бір күнге, бір сағатқа да жолдасыммен ажырасқан күнім болған емес. Өзімнің анам мен әкемнің шаңырағына да ұрыстым, ажырасамын деп барып, аяғымды аттап көрген емеспін. Ренжісіп қалсам, құрбымның үйіне барып отыратынмын. Жолдасым тауып алып кететін бір екі сағаттың ішінде. Бірақ ажырасып көрмегенмін", - дейді продюсер. 

Ұлын туған күнімен құттықтаған Әбдіжаппар Әлқожа көпшілікті сүйсіндірді (видео)
Жұлдыз Абдукаримова мен Салтанат Бақаеваның ерекше биі желіні жарды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу