Күзде қандай фильмдер көруге болады?
Жапырақтар жерге төгілген. Құстар қайтқан. Жабырқауға жақын бұл мезгіл. Жаныңды жадыратқың келетін жылу іздейсің. Өзіңізді танығандайсыз ба? Назарыңызға жанға жайлы фильмдер топтамасын ұсынамыз!
"Туыстық" (Otherhood), 2019
"Туыстық" комедиясы ана мен бала мол әсер алып көретін фильм санатында. Оқиға желісі үш дос (Патрисия Аркетт, Ангела Бассетт және "үмітсіз үй шаруасындағы әйелдер" жұлдызы Феликс Хаффман) арасында өрбиді. Қаһармандар Нью-Йорктегі ересек ұлдарына ескертусіз келуге шешім қабылдайды. Олардың өз бақытын тапқанын білген құрбылар кілт шешім қабылдауға бекінеді. Финалда кейіпкерлер қарапайым шындықты – әркімнің бақытты өмірге арналған рецепті барын қорытады.
"Болашақтан келген бойфренд" (About Time), 2013
Бұл фильмнің әсерлі оқиға желісі сізді махаббатқа сендіреді. Басты кейіпкер Тим (Донал Глисон) – уақыт өте келе қозғалуды білетін өте перспективалы адвокат. Өзінің армандаған қызының (Рейчел Макадамс) жүрегіне жол табу үшін ол өткенге оралып, алғашқы күнін сан рет қайталауға дайын.
"Ноттинг Хилл" (Notting Hill), 1999
Кино тарихындағы ең үздік мелодрамалардың бірінде тамаша актерлік құрам бар: басты рөлдерді Джулия Робертс пен Хью Грант сомдаған. Сюжетте Ноттинг Хиллдегі (Грант) қарапайым кітап дүкенінің иесі бейнеленеді. Ажырасқаннан кейін ол әйелдермен мүлде қарым-қатынаста болмады. Анна Скотт (Робертс) атты кино жұлдызы дүкенге келгенде бәрі өзгереді. Ғадауат пен махаббат майдандасқан фильм желісі сезім гармониясын үдемелей түседі.
"Өгей Ана" (Stepmom), 1998
Фильмде Джулия Робертс екі баласымен ажырасқан еркектің жұбайы Изабель образын сомдайды. Туған анасы Джекиге жақын , өзге адамды ана ретінде қабылдауға дайын емес балалармен қатынас құру Изабельге ауырлық қылады. Изабель Джекидің қатерлі дертке шалдығып, өмірінің санаулы сәті қалғанын білгенде, балаларға өзі ғана қамқорлық танытатынын ұғады. Ары қарайғы шытырман компазицияның шырмауын фильмді тамашалап біле аласыздар.
«2 + 1» (Demain tout commence), 2016
Бұл кинокартина ешкімді бей-жай қалдырмайды. Басты кейіпкер Самуэль (Омар Си) Францияның оңтүстігінде жұмыс пен демалысын үйлестіріп өмір сүреді. Таңертең оны бұрынғы қызы (Клеменс Поэзия) яхтада оятып, екеуіне ортақ кішкентай қызының бар екенін айтады. Баланы Самуэльге табыстаған анасы бакалавриат оқып жатқан Лондонға кетеді. Әрі қарай бейқам өмірін жалғастырғысы келген ананы іздеп Самуэль қызын ертіп жолға шығады. Аз уақытта перзентіне бауыр басқан Самуэль онсыз өмірін елестете алмайтын күйге жетеді.
Суреттер ашық дереккөзден алынды.