Күндіз ұйықтағаннан қалай арылуға болады?
09-11-2020
Босанар кезі жақындап, толғағы жиілеген әйелдің қиналмай тез босануы үшін жарысқазан деп аталатын ғұрып-кәде атқарылған. Тез арада қой сойылып, оның етінен тез пісетін тағамның бір түрі – қуырдақ әзірлеген. Тамақ істеуге кіріскен әйел қара пышақты қара қазанға жанып-жанып жіберіп: «Қара қазан бұрын пісе ме, қара қатын бұрын туа ма?», - деп, шықырлаған темір үнін шығара түсіп, тамақты шыжылдата-пыжылдата қуыруға кірісетін болған. Бұл қара қазанмен береке, молшылық кірсін, ер қаруы саналатын пышақ арқылы ұл тусын, қатты шықырлап шыққан темір үнімен және тез пісетін тамақпен бірге әйел тез әрі жеңіл босансын деген ырымдардан туындаған. Нәресте дүниеге келген соң жиналғандардың бәрі міндетті түрде жарысқазанда дайындалған еттен дәм татуға тиіс болған. Баланың тезірек мойны қатып, басын дұрыс ұстауы үшін қойдың мойын омыртқасын қырқынан шыққанша ең биік жерге іліп қойған. Ұлдың кіндігін аттың жалына байласа, қыздың кіндігін сандықтың түбіне салып сақтаған.