Қазақ күйеубалаға неліктен төс жегізген?

Oinet.kz 19-10-2019 1358

image.png

Қазақта «күйеу бала қайын жұртына келгенде тартылатын табақтың ішінде міндетті түрде төстік болуы әрі оны күйеу бала мүжіп жеуі керек» деген дәстүр бар. Әрине, төстіктің майының құрамында адам ағзасын қуаттандыратын қуатты дәрумендердің (витаминдер) мол екені даусыз. Оның жаңа үйленген жас жігіт үшін берер пайдасы да мол.

Алайда біздің айтайық дегеніміз, төстік міндетті түрде салынатын «күйеу табақтың» қазақы болмыстағы рухани құндылығы жағынан әкелетін мағынасына үңілсек, малдың төстігі — барлық қабырғалардың аса шеберлікпен қиюын тауып, әрқайсысы өзінің орнымен бір төстікте бас қосқан жері. Сол мағынадан алғанда, күйеу үйленгеннен кейін «татулығы мың жылға созылатын екі жақтағы құдалардың арасын татуластырушы, жалғаушы, бір отауда бас қостыратын берекенің шаңырағы бол» деген үлкен мағына жатқаны белгілі.

Ежелгі герман тайпаларының тілі мен тарихындағы түркілік іздер
Күзде қандай фильмдер көруге болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу