Тәуекел туралы өлең. Тәуекелмен жолын табар адасқан

Oinet.kz 08-09-2020 1667

Ерік-жігер.jpg

Тәуекелмен жолын табар адасқан,

Барлық жандар тазалықпен бақ ашқан.

Сыртыңды да, iшiңдi де таза ұста,

Дерт жұқпайды тұтынғанға таза астан.

Сауабыңды тартып алмас таласқан,

Ақылды адам дұрыс сөзбен жақ ашқан.

Жылу кутпе, жылылықты сен сыйла,

Қор болмайды мейiрiммен қарасқан.

Жақсылыққа тек жақсылық жарасқан.

Ниет етсең, себеп қылар Жаратқан.

Сен қуантсаң, сенi Алла қуантар.

Қуанышпен iзгi жанның таңы атқан.

Кiмге қанша жасасаң да жақсылық,

Мiндет етпе, күтпе одан разылық.

Құрметтеуiн талап етпе, мақтанба,

Тынбай жәрдем жасай бергін жасырып. 

Қайырым ету нығметiне бөлеген,

Сансыз шүкір Тәңірге айт, демеген.

Ескерiлер бәрi амал кiтапқа,

Игілігін жария етпес көреген.

Rinat Omarhan

Ағаштардың орысша аттары
Намаз бен Құранның маңызы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу