МЕНІҢ КӨРШІЛЕРІМ. Көршілер туралы өлең

Oinet.kz 06-09-2020 2271

Көршілер.jpg

Оң жағымда Игорь көкем,

Сол жағымда Гала апа.

Екеуі де екі бөлек сән құрады таң ата.

Таңда кетіп Игорь көкем, кеш келеді масайып,

Ал, Гала апа нан береді қолын итке жалата.

Еш таршылық көрмегенбіз патша көңіл олардан,

Болған емес сатып алған біздің тұрақ тоналған.

Төлегеннің отанынан бір көршіміз оралған,

Ол да, біз де қазақтармыз,

Қазақтармыз – оралман!

Түн түскенде ақшам ауып,

Көрші қызға жетелейді түнгі ызғар.

Еркелікпен аспандағы жымың қағып жұлдыздар.

Отызында орнын таппай отырған,

Шешен қызы «Оля» деген бір қыз бар.

Мен де жаспын, қыз да жап-жас,

Отызда деп кім ойлар?

Менде жалғыз Құдай ғана,

Ал, ол қызда – Құдайлар.

Дәмін татып көрген емес еш бір еркек ернінің,

Көздерінде бір алау бар, кеудесінде күн ойнар.

Біздің мекен нән мекен ғой, нән мекен,

Нән мекенде қанша тарих қалды екен.

Мен білемін,

Оляның көп отырған орны бар,

Ал, Игорьде сыр сарай бар кіре алмаған жан бөтен.

Оң иықта қазағым бар Төлегеннің елінен,

Бар аңсарым ауып кетіп, жыр сұраймын тегі мен.

Сол иықта бір көршім бар Науаидің жерлесі,

Олар жырдың пендесі емес, той-дүрмектің пендесі.

Міне, менің көршілерім, жанашыр һәм өлермен,

Бірі осында бағзы тұрғын, бірі келген өр елден.

Құдай деген режиссер бар, көркемдегіш жетекші,

Көршілерім – ұлы актер,

Ал, біздің үй – көрермен!

Cүндет Сейітов, 

21.05.2016 жыл. Шымкент.

Низами Гәнжәуи өмірі мен шығармашылығы
Әлішер Науаи өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу