Нағыз еркек деген кім?

Oinet.kz 05-09-2020 1308

Нағыз еркек.jpg

Баяғыда бір ханның жеті хатыны болыпты. Жетті хатыны жеті жерден миын шаққанда, "осылардың -ақ, дегені болсыншы" деп айтқанын істей салады екен. Сол хан, бір күні ойланып отырып: "Хан басыммен менің түрім мынау. Құлағымның тыныштығын ойлап хатынның айтқанымен жүремін. Қараша байғұстар қалай күнелтіп жүр екен" деген ой келеді. Дереу уәзірін шақырып: "Қарашамның ішінен хатынның айтқанымен жүрмейтін нағыз еркек болса үйірден таңдап ат міңгізіңдер" дейді. Уәзірлер ел арасынан "нағыз еркекті" іздеуге кіріседі. Бірақ лайықты адам таппай сандалады. Қайтар жолда бір қараша үйге түсіп "нағыз еркекті" іздеп жүргендерін айтады.

"Нағыз еркек мен" дейді үй егесі. -Хатынның дегенімен жүрмеймін. Бәрін өзім шешемін...

Уәзірлер қанша сынаса да әлгі еркектен мін таппайды. Ақыры "Нағыз еркекті" тапқанына қуанған уәзір:

--Үйірлі жылқыдан таңдап біреуін ал. Сауынға бие аласың ба? Мініске ат аласың ба? -дейді. Осы жерде ойланып қалған отағасы үйіне қарап дауыстап:

--Әй, хатын, шықсайшы бері. Мына жылқылардың қайсын аламыз деген екен)

"Қабырғаңмен кеңескенің дұрыс" -дейді дана қазақ. Кеңесе келе кесімді сөзді отағасы айтқан. "Келісіп пішкен тон, келте болмас" дейтіні тағы бар. Бұл "кеңестің" отбасының ынтымағына қосар үлесі бір бөлек!

Ал енді, Хандікі дұрыс па?, қарашанікі дұрыс па? ара жігін өзіңіз аша жатарсыз, ағайын!

Айдар Темірбекұлы

Созаққа Торғайдан 5 күнде жеткен Кенесары хан
Созақтағы сойқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу