Ұлыма хат

Oinet.kz 05-09-2020 1392

Ұл бала.jpg

Ұлыма хат

Өмірде жолы болмай, не тірлік істеседе кері кетіп, әбден тауы шағылған бір жігіт әкесіне келіп мұңын шағыпты:

--Әке!, мені өмірге не үшін әкелдің. Мұнша жолы болмайтын сорлы болғанша  дүниеген келмегенім жақсы еді-ау, -деп.

Сонда әкесі тұрып айтқанн екен:

--Балам, ақ неке, адал төсектен, Алланың қалауымен дүниге келдің. Ешкімнен кем қылмай өсірдім, тәрбиеледім. Абайдай ұлы азмат болсын деп, атыңды Абай қойдым. Енді өз қолың, өз аузыңа жетті. Болалмаған өзіңнен көр! -деген екен.

Қай әке бауыр еті баласын жаман болсын дей алады. Тіпті, өзі жете алмаған жетістікке баласы жетіп, шығалмаған шыңдардан баласын көргісі келеді. Бұл әке арманы!

Ұлым, мына бір арпалысқа толы дүниеде, азғантай қинындыққа төзбей үлкен жетістіке жету мүмкін емес. Болшақ деген қалың тұман, адастырмай тұрмайды. Әке қанша көреген болсада, баланың алдына шыға алмайды. Өмір ағысына қарсы жүзіп, өз жолыңды тауып кеткенше талай теперіш көрерсің. Ұядан ұшып, әке қамқорлығынан қол үзген соң адам өзін-өзі тәрбиелеуі өте маңызды. Өмірдің әрбір сәтсіздіктерін, "тәжірбие" деп қабылдасаң келесі жолы табан тірер тасыңа айналады. Шын мәнінде ер жігітті шар болаттай шыңдайтын өмірдің өзі. Әкенің көлеңкесінде жүрген бала күн сәулесін көрмей өтеді. Ондай баланың жарқын болашақтан үміті аз...

Мен, әке ретінде бойымдағы барымды бердім. Ал, өмірден алар еншіңе -өз күшіңмен жеткенің абзал. Қолдаушың бір Құдай болсын, құлыным. Тірі болсаң бір жерден шығарсың...

(с) Айдар Темірбекұлы

Адам неге боқтайды?
Желтоқсан желі ызғарлы. Желтоқсан көтерілісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу