Адам неге боқтайды?
Біздер басқа қалаға барып "шеш...ңнің" деп тұрсақ Шымкенттен екініңді біле қояды. Бұл енді баршаңызға аян.
Дегенмен, бізде адамды жөн-жосықсыз боқтай бермейді. (затты айтпағанда)) Ақталғаным емес ақиқаты осы.
Егерде, екі кісінің бірі боқтап, екіншісі оған риза кейіппен күлүп тұрса, бұл екеуінің руы бір деген сөз. Бұл жақындықтың белгісі. Әкесі үлкен ғана боқтай алады. Онда да жасы үлкенді боқтамайды. Бұл "құқықтың" қатаң сақталатыны соншалық қате кеткенді үлкендер аямайды.
Кейде, әділетсіз әкімді де, қаскөй ханныңда ішін кептіріп жататыны рас. Бұл енді күйгеннен...
Бізде орынзыз біреуді, біреу боқтамайды. Боқтапайды да! Мүлде боқтамайтындар да жетерлік. "Бөрінің аузы жеседе қан, жемесе де қан" демекші, бізді "сыпыра боқтай береді" деп айптайтындар көп. Сондайларға айтқаным болсын.
Орынсыз боқтайтындар аузы орысша боқтыққа толып жүргендер. Оң түстікте үлкен боқтаса айналғаны деп түсінеді. Әкесі үлкен ғана рулас інісін боқтай алады. Онда да орынымен. Оған өкпелеп жатқан іні жоқ. Туған бауырлар ешқашан боқтаспайды. Бұл бір ертеректе жеңге қайнысына мұра замандардан қалған үрдіс. "Сенің шешең менің жеңгем, боқтауға құқым бар" дейтіні содан. Тек, осы қатаң тәртіппен жүреді. Ал, орырынсыз боқтағанның қолында өлуге дайын. "Шымкенттіктер шешеден боқтағыш" дейтіндерге айтарым: Бізге келіп біруді шешесінен боқтап көр. Сонда түсінерсің ананы қалай құметтейтін ел екенін!
"Боқтайын деп боқтамайсыңғой, күйіп кетесің да" деген екен бір ағамыз. Сол айтқандай, жазайын деп жазғаным жоқ, айып ете көрмеңіздер, ағайындар)
Айдар Темірбекұлы