Ерлан Қошанов: «Елбасының тапсырмалары жедел қарқынмен жүзеге асырылуы тиіс»

1538390121791217.jpg

Қарағанды облысында Елбасының қыркүйектегі облысқа жасаған сапары барысында берген тапсырмасына сай жүзеге асырылуы тиіс жобалар басталды, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қарағанды қаласының Достық үйінде жұртшылықпен кездесу барысында Елбасы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар тапсырмалар берген болатын. «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы Президенттен жаңа әлеуметтік нысандар салу және ЖЭО-2 жаңғырту бойынша тапсырма алды. Компанияның қаражатына Теміртауда емхана, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, балабақша салынуы тиіс. Қарағандыда жүзу бассейні мен Оқушылар сарайы салынуы керек. 

«Бұл қала тұрғындарына бірінші кезекте қажет нысандар. Елбасының тапсырмалары жедел қарқынмен жүзеге асырылуы тиіс. Олардың орындалу барысы ерекше бақылауда», - деп атап өтті Ерлан Қошанов.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Уәлихан Қайназаров, мәжіліс депутаты: Бәрін ақшамен өлшесек, ұлт өзінің құндылықтарын жоғалтады
  • Дархан Мыңбай: «Бізде жершілдік, аумақтық емес, мемлекеттік көзқарас қалыптасу керек»
  • Сүндет Сейітов: «Ақындық ақ сүттен дариды»
  • Әзімхан Исабек: «Ақын мен жазушы айналып келгенде бір терінің пұшпағын илейді»
  • Ескі жыл сіз үшін несімен есте қалды?
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика