Жапаров реформасы: Қырғызстан билігінде әйелдер саны артады

Oinet.kz 21-02-2026

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров мемлекеттік басқаруда гендерлік теңдікті күшейтуге бағытталған «Кейбір жарлықтарға өзгерістер енгізу туралы» құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Кабар агенттігінің  мәліметінше, құжат саяси мемлекеттік және муниципалды лауазымдарға арналған басқарушылық кадрлар резервін қалыптастыру тетіктерін жаңартады. Басты мақсат – әйелдердің мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесіне кеңірек қатысуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кадрлық саясатта тең мүмкіндік пен әділ бәсекелестік қағидаттарын институционалды түрде енгізу.

Жарлық аясында:

- Квоталық жүйе енгізіледі – бір жыныстың үлесі 70%-дан аспауы тиіс;

- Гендерлік баланс сақталады – кадр резервінде аз өкілдікке ие жыныс кандидаттарына басымдық беріледі;

- Кәсіби даму тетіктері күшейтіледі – әйелдердің жетекші лауазымдарға тең қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, дәстүрлі гендерлік стереотиптерден туындайтын кедергілерді азайту көзделеді.

Президент жарлығына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін басқарушылық кадрлар резервіндегі әйелдер үлесі кемінде 30% болуы тиіс.

Сонымен қатар, барлық мемлекеттік және муниципалды органдарда жетекші лауазымдардағы әйелдер үлесі кемінде 20% деңгейінде бекітіліп, 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 30%-ға жеткізу жоспарланған.

Құжат қол қойылған күннен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

Еске салайық, бұған дейін Садыр Жапаров Қамшыбек Тәшиевтің отставкасына қатысты да түсініктеме берген еді.

«Шариғатқа қайшы»: Ауғанстан билігі 500-ден астам музыкалық аспапты өртеп жіберді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу