Кіріс көздерін ұлғайтуға күш салынады

Oinet.kz 25-08-2024 65

image.png

Түркістанды рухани астана ретінде дамыту шаралары өңір экономикасына тың серпін беруде. Атап айтқанда, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер өсімі қалыптасты. Жалпы өңірлік өнім 6 жылда 2,5 есеге өсіп, былтыр 4,2 триллион  теңгеге жетті. Биыл оны 6 триллион теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. 

Былтыр өңдеу өнеркәсібінде жоспарланған 20 инвестициялық жоба толық іске қосылып, 600-дей жаңа жұмыс орны ашылды. Облыс орталығында 250-ден астам заманауи ғимарат бой көтерді. Тұрғын үйлер, мәдениет, спорт, білім, медицина, инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілді.

Бүгінде облыстың жалпы өңірлік өнім көлемін екі есе арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Экономиканы әртараптандырып, жұмыс орындарын ашуға, кіріс көздерін ұлғайтуға күш салынуда. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, туризм, мәдениет, кәсіпкерлік салаларын дамытуға басымдық берілген. 

Инвестормен кездесті
Креативті индустрия - экономиканы көтереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу