Инвестиция тартудан Түркістан қаласы алғашқы орында тұр

Oinet.kz 28-08-2024 64

image.png

Түркістан облысында өндіріс орындарын көптеп ашуға, инвестиция тартуға басымдық беріліп, бүгінде осы бағыттағы жұмыстар қарқынды жүруде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды тұрақты түрде өңірлік инвестициялық штаб отырыстарына төрағалық етіп, осы саладағы барлық мәселені бақылауда ұстап отыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің инвесторларымен тұрақты түрде келіссөздер жүруде. Нәтижесінде инвестиция тарту бойынша Түркістан облысы республикада үздіктер қатарында.

Жыл басынан бері Түркістан облысының негізгі капиталына бағытталған инвестиция көлемі 420,8 миллиард теңгені құрады. Көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артқан. Оның 344,3 миллиард теңгесі немесе 80 пайыздан астамы – жеке инвестицияны құрайды.

Өңір капиталына салынған инвестициялардың басым үлесі Түркістан қаласы (35,2 пайыз) және Созақ (15,4 пайыз), Сайрам (6 пайыз), Сарыағаш (5,5 пайыз) аудандарына тиесілі.

Пайдалану бағыты бойынша негізгі 29 пайыз  үлесі өнеркәсіп арқылы үйлестірілген. Ол 123,9 миллиард  теңгені құрайды, Атап айтқанда, тау-кен өнеркәсібіне 64,1 миллиард теңге бағытталса, өңдеу өнеркәсібіне 25,3 миллиард  теңге тартылған. Ауыл шаруашылығының үлесі 28 пайызды құрап, 116,4 миллиард  теңгеге жетті. Оның ішінде, егін шаруашылығына – 31 миллиард  теңге, ал, мал шаруашылығына – 21,4 миллиард  теңге бағытталған.

Жеңіл өнеркәсіп дамуда
Инвестормен кездесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу