Бас консул экономикалық аймақты аралады

Oinet.kz 19-09-2024 87

image.png

Қытай Халық Республикасының Сиян қаласындаға ҚР Бас консулы Жошыхан Қыраубаев бастаған делегация Түркістандағы дайын өндіріс алаңдары мен индустриялық аймақты және «Turkistan» Арнайы экономикалық аймақты аралап көрді. Түркістан облысында жұмыс істеуге қызығушылық танытып отырған компаниялар ауыл шаруашылығы, азық-түлік өндірісі секілді салаларды дамытуда бірлесе жұмыс жаусауға дайын екенін жеткізді.

«Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев өңірдің негізгі инвестициялық алаңдары – индустриялық аймақтар және «Turkistan» арнайы экономикалық аймағы туралы айтып берді. Аталған алаңдар инвесторларға дайын инфрақұрылымы бар жер учаскелерін, сондай-ақ түрлі салықтық жеңілдіктерді ұсынады. Түркістан облысы бойынша дайын инфрақұрылымы бар 9 индустриялық аймақ орналасқан. Сонымен қатар 42 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы жүргізілуде. Биыл 9 шағын өнеркәсіптік аймақтың құрылысы аяқталады деп күтілуде.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысының негізінде "TURKISTAN" Арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының  ауданы 39,87,39 гектарды  құрайды. Оның ішінде: 861,7 гектар  тарихи орталық, 1578,6 гектар әкімшілік-іскерлік орталығы, 365 гектар өнеркәсіптік аймақ, 35 гектар "Brownfield" өнеркәсіптік аймағы», 967 гектар әуежай, 180 гектар «Greenfield» индустриялық аймағындағы жобалар.

"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының құрылу мақсаты: Түркістан қаласын жедел дамыту; Түркістан қаласының туристтік әлеуетін арттыру және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы және туристтердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылымды дамытутуристтерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру.

АЭА аумағындағы қызметтің басым түрлері: Туристтерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру нысандарын салу және пайдалануға беру;  Инфрақұрылым нысандарын, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;  Ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру; Өндіріс және қайта өңдеу нысандарын салу және пайдалануға беру; Құрылыс материалдарының өндірісі; Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі; Дайын металл бұйымдарының өндірісі.

"TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағының өндірістік қосалқы аймағын дамыту мақсатында ауданы 365 гектар  болатын аумаққа инфрақұрылым салу, жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарлануда. Бүгінгі таңда "TURKISTAN" арнайы экономикалық аймағында  жалпы сомасы 182 миллиард теңгеге 27 жобаның құрылысы жүргізілуде.

Бүгінде Қазақстан экономикасына тартылған инвестиция бойынша Қытай Халық Республикасы үздік 5 елдің қатарына кіреді. Кездесу барсында «Turkistan Invest» ЖШС мен Қытай Халық Республикасы  арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Алдағы уақытта осы әріптестік негізінде тиісті жұмыстар атқарылады. 

Тұрғын үй құрылысына инвесторлардың қызығушылығы жоғары
«Turkestan Textile» ұжымымен жүздесті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу