Ірі кәсіпорынның жоспары да ірі
Елімізде жиһаз өндірісі қарқынды дамып келеді. Салада жаңа кәсіпорындар көптеп ашылып, өндіріс ошақтарының отандық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі арта түсуде. Ел көлемінде тұрғын үй құрылысы жылдан-жылға белсенді жүргізілуіне байланысты оның негізгі жабдығы – жиһаз өнімдеріне деген сұраныс та жоғары болып отыр.
2023 жылдың қаңтар-желтоқсанында елде 82,6 миллиард теңгеге жиһаз өндірілді, бұл бір жыл бұрынғыдан 27,7 пайызға артық. Өнеркәсіп өндірісінің индексі (ӨӨИ) 143,5 пайыз. Ақшалай ең көп кеңселер мен бөлшек сауда кәсіпорындарына арналған жиһаз шығарылды: 31,5 миллиард теңге – бір жыл бұрынғыдан 32,3 пайызға артық. Тағы 8,2 миллиард теңгеге ас үй жиһазы, 6,2 миллиард теңге матрас өндірілді.
Металл қаңқасы бар отыратын жиһаз өндірісі 87,7 мың өнімге жетті, бұл бір жыл бұрынғыдан 22,3 пайызға артық.
Ағаш кеңсе жиһазының өндірісі 14,4 пайыз, 15,1 мың бұйымға, ас үй жиһазы – 40,3 пайыз, 9,1 мың бұйымға, төсек пен шкафтан басқа ағаштан жасалған жатын жиһазы – 44,1 пайыз, 3,2 мың бұйымға дейін өсті.
Асхана мен қонақ бөлмеге арналған ағаш жиһаздың шығарылымы өткен жылмен салыстырғанда 6,2 пайызды құрады – 1 пайызға аз.
Жалпы елдегі отандық өнімдердің үлесі әзірге 31 пайыз шамасында. Қазақстандықтар сатып алған жергілікті жиһаздың жалпы құны 220 миллиард теңгеден асады. Оның 23 млрд-ы Алматыда өндірілген. Жалпы өндірушілер барлық аймақта бар. Ең ірілерінің қатарын Алматы облысы мен Түркістан өңірі жалғайды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, жалпы, 2025 жылға дейін жиһаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінде 12 жобаны іске асыру жоспарланған. Айта кетерлігі, отандық жиһаз өнеркәсібінің өнімдері көрші елдерде де үлкен сұранысқа ие. Жыл басынан бері жиһаз өнімдері экспортының негізгі көлемі Қырғызстан, Өзбекстан, Германияға жөнелтілген. Сұранысқа ие тауарлардың қатарында пластмасса мен металдан жасалған және жатын бөлмеге арналған ағаштан дайындалған жиһаз сынды тауарлар бар.
Қазір елде жиһаз жасаумен айналысатын 2000-ға тарта кәсіпорын бар. Жоғарыда атап өткеніміздей олардың басым бөлігі Түркістан облысында, соның ішінде орталығы Түркістан қаласында орналасқан. Осындай кәсіпорынның бірі Түркістан қаласындағы «Тұран» индустриялық аймағы аумағында орналасқан «Тұран-Мебель» БК ЖШС кәсіпорны.
Жиһаз, профильді құбырлар мен сэндвич-панельдерді кешенді өндіретін кәсіпорын 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Жалпы инвестиция көлемі 12,5 миллион долларды құрап, 210-ға жуық жұмыс орны ашылды.
“Тұран-жиһаз БК” ЖШС - өңірдегі жиһаздың, құрылыс материалдары мен күн панельдерінің ірі өндірушісі! Кәсіпорын жабдықты сатып алудан бастап көрмелер мен тендерлерге қатысуға дейінгі өндірістің толық циклін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
5 500 000 АҚШ доллары (2 361 000 000 теңгеден астам) мөлшеріндегі Инвестициялар өндірісті дамытуға, 140 жұмыс орнын құруға және Түркістан облысының бюджетіне қомақты түсімдерге бағытталатын болады.
“Тұран-жиһаз БК” ЖШС дайын өнімі білім беру, медицина, шикізат салаларында және басқа да салаларда қолданылады.