Түркістанда ағаш, металл бұйымдарын өңдейтін кәсіпорын бар

Oinet.kz 03-09-2024 41

image.png

Түркістан қаласын Түркі әлемінің орталығына айналдыру бағытындағы жүйелі жұмыстар нәтижесінде шаһардың инвестициялық климаты жақсарып келеді. Соңғы 5 жылда қалаға тартылған инвестицияның көлемі 8,5 есеге өсіп , былтыр  қала экономикасына 350 миллиард  теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде Түркі мемлекеттері ұйымы құрамындағы елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастар тез нығайып келеді. Түркістан қаласының жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 225 мың адамға жетті.  Аймақта инвестициялық әлеуетін тлыққанды жүзеге асыру мақсатында ау¬қымды жобаларды іске асырылып, алыс-жақын шетелдік инвесторлармен тығыз байланыс орнатылып келеді. Инвестициялық байланыстарды нығайтуда  қаладағы индустриалды аймақтың  рөлі үлкен. Аталған аймақта қазіргі таңда көптеген жобалар жүзеге асырылып келеді. Солардың бірі «Гүлзада» ЖК. 

Кәсіпорынның негізгі міндеті ағаш өңдеу, металлдан жасалатын бұйымдарды шығару. Жобаның құны 100 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорынның қуаттылығы 45 мың тонна тауарлы бетон, 25 мың дана бетон бұйымдарын шығаруға қауқарлы.  Индустриалды аймақта орналасқан кәсіпорын толықтай инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген. 

  Кәсіпорында 20 жергілікті тұрғын тқрақты жұмыспен қамтылған. Жоба Өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысымен Түркістан индустриалды аймағының 1 геатар жер учаскесіне орналастырылған. Өндіріске қажетті жабдықтардың барлығы әкелінген. Бүгінгі таңда, жоба тарапынан құрылыс жұмыстары аяқталған. Жобаны іске қосу жұмыстары жүргізіліп, тиісті құжаттары рәсімделуде.    

Түркістанға серпін берген жоба
Шетелдік 26 ірі инвестициялық жобалармен келіссөздер жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу