Түркістанға серпін берген жоба
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 қазандағы №693 қаулысының негізінде облыс орталығы Түркістан шаһарында "TURAN" Арнайы экономикалық аймағы құрылған болатын. Аталған нысан қаланың экономикасына тың серпін бергені шындық. Кезінде тек туристік қала болған Түркістан ендігі кезекте тек туристердің сүйікті орны ғана емес сонымен қатар бизнес өкілдерне, инвесторларға да жайлы қалаға айналды. Арнайы экономикалық аймақтың ашылуының арқасында шаһарда кәсіпкерлік саласы дамып, өндіріс ұлғая түсті. Қазір "Түркістанда өндірілген" деген атаумен қаншама тауар, өнімдер тек ішкі нарыққа ғана емес сонымен қатар шетелге де экспортталып жатқан жа йы бар. Осылайша Түркістан туристік қаладан бизнестік қалаға айналып шыға келді.
Қаланың күретамырына айгалған "TURAN" арнайы экономикалық аймағының ауданы 39,87,39 гектарды құрайды.
Оның ішінде:
- 861,7 гектар тарихи орталық
- 1578,6 гектар әкімшілік-іскерлік орталығы
- 365 гектар өнеркәсіптік аймақ
- 35 гектар "Brownfield" өнеркәсіптік аймағы»
- 967 гектар әуежай
- 180 гектар «Greenfield» индустриялық аймағындағы жобалар
"TURAN" арнайы экономикалық аймағының құрылу мақсаты:
- Түркістан қаласын жедел дамыту;
- Түркістан қаласының туристтік әлеуетін арттыру және Түркі әлемінің рухани астанасы ретінде одан әрі қалыптасуы және туристтердің қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристтік инфрақұрылымды дамыту;
- туристтерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай ақпараттық база құру.
- АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 1938,0 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 4 қосалқы аймақ кіреді: ауданы - 188,0 гектар тарихи орталық, ауданы - 1350,0 гектар әкімшілік-іскерлік орталық, ауданы 365 гектар және 35 гектар өндіріс аймақтары.
Арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметтің басым түрлері:
- Туристтерді орналастыру орындарын, санаториялық және сауықтыру нысандарын салу және пайдалануға беру;
- Инфрақұрылым нысандарын, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;
-- Ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, мұражайларды, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;
- Өндіріс және қайта өңдеу нысандарын салу және пайдалануға беру;
- Құрылыс материалдарының өндірісі;
- Өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі;
- Дайын металл бұйымдарының өндірісі.
"TURAN" арнайы экокомикалық өндірістік қосалқы аймағын дамыту мақсатында ауданы 365 гектар болатын аумаққа инфрақұрылым салу, жергілікті және республикалық бюджет қаражаты есебінен жоспарлануда.
Бүгінгі таңда "TURAN" арнайы экономикалық аймағында жалпы сомасы 182 миллиард теңгеге 27 жобаның құрылысы жүргізілуде.
АЭА қатысушыларына ұсынылатын жеңілдіктер:
- "TURAN" АЭА Басқарушы компаниясы қатысушыларға "бір терезе" қағидаты бойынша өтінім беруден бастап, пайдалануға берілгенге дейін барлық мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
- "TURAN" арнайы экономикалық аймақ аумағындағы салықтық жеңілдіктер;
- корпоративтік табыс салығы (КТС);
- жер салығы;
- мүлік салығы;
- қосылған құн салығы (ҚҚС)
- "TURAN" арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қатысушыларға ұсынылатын кедендік жеңілдіктер:
- АЭА аумағына тауарларды әкелу кезінде кедендік баждардан босату;
- "TURAN" арнайы экономикалық аймақ аумағындағы басқа да жеңілдіктер:
- 25 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалануға (жалға) жер учаскелерін беру.