Алматы тауларынан шаңғышы өлі табылды
16-10-2023
Тіркелмеген Демократиялық партияның жетекшісі Жанболат Мамай тағы ді істі болды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 378-бабы, яғни «билік өкілін қорлады» деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мамай кімді қорлады? Бұл жағы әзірге белгісіз.
Жалпы, Мамайдың кейінгі кездегі әрекеті мүлдем түсініксіз болып барады. Жақтастарын жинап, митингіге шығу, содан кейін таңертеңнен кешке дейін полицияның құрсауында тұратын күндер де артта қалды. Соңғы уақытта Мамай басқа мәселемен бас аыртып жүр. Ол Қазақстанның билігіндегі біраз азаматтың бизнесін, тапқан-таянған дүниелерін ақтарып, жариялайтын болған. Оның әлеуметтік желіде жариялаған фильмдеріне Бауыржан Байбек, Қырымбек Көшербаев, Бердібек Сапарбаев «қонақ болды». Оның арасында Нұрлан Ныматулиннің амбициясы туралы да әңгіме қозғап отыратыны тағы бар. Бұдан кім ұтып жатыр? Бұл Мамайдың ел алдындағы абыройына қаншалықты оң әсерін тигізеді. Мамайдың соңғы уақытта ұсақтала бастағаны байқалады. Ұстанымы, алған қойған бағыт-бағдары айқын емес.
Айтпақшы, Мамай мен Байбек арасындағы сот отырысы толығымен Байбектің пайдасына шешілгені белгілі. Сот шешімі бойынша Мамай әлеуметтік желідегі парақшасында Б.Байбек туралы жариялған материалдын өшіріп және сот шығындарын өтеуі тиіс болатын. Мамай сот шығындарын Алматының көшелерінде «Байбекке садақа» акциясынан кейін өтепті. Ал ютубтағы Мамай туралы материалдар әлі өшірілген жоқ.
Жуырда Байбетің адвокаты Айжан Ташенова егер Мамай сот шешімін орындамаса әлеуметітк желоідегі парақшасмынедағы мсәліметке қарағанда, сот шешімін
- Өздеріңіз білетіндей, 2 инстанцияның (бірінші және апелляциялық) шешіміне сәйкес Ж.Мамай мен И.Иманбаева маған сенім білдірушіге (Б.Байбекке. ред.) қатысты жалған материалдарды жоққа шығарып, оларды жою, сондай-ақ 876 402 теңге көлемінде сот шығындарын төлеуі тиіс болды. Шығындар сомасы жауапкерлерден толық көлемде мәжбүрлі түрде өндіріліп алынып, «Болашақ» корпоративтік қорына аутизмі бар балаларға көмек ретінде аударылды. Алайда, Мамай мен Иманбаеваға қатысты негізгі талап – жалған материалдарды жоққа шығару және оларды жою бүгінгі күнге дейін орындалған жоқ.
Егер Мамай мен Иманбаева айыптауларын теріске шығармаса және жала жапқан бейнероликтерін жоймаса, онда 27 қазаннан бастап сот орындаушысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекске сәйкес борышкерлерді әкімшілік жауапкершілікке тартуға (айыппұл салуға немесе қамауға алуға), содан кейін Қылмыстық кодекске сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартуға бастамашы болады (әрқайсысына 800 сағат көлемінде қоғамдық жұмыс, 3 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру). Бұған дейін мәлімдегенімдей, бұл жағдайда біз жауапкерлерді қоғамдық жұмыстарға тарту туралы өтініш беретін боламыз.
Жалпы, соңғы екі отырыстың қорытындысын және қазақстандық сот төрелігін қабылдамайтын жауапкерлердің эпатаждық мәлімдемелерін ескере отырып, Ж.Мамай мен И.Иманбаеваның «Алматы көшелерін бірлесіп сыпыратын» басты шоуын көретін болармыз,-деп жазыпты адвокат.
Бұл істің немен аяқталарын кім білсін. Бұған дейін мамай сот шешімін орындамайтынын мәлім еткен еді. Ал Байбектің адвокаты сот шешімін орындамаса, қоағамдық жұмысқа тартып, көше сыпыртқызатынын айтып отыр. Қай жақ өз дегенінде тұрар екен?
Айтпақшы, жуырда serke.org сайты Мамайдың шетелден қаражат алғанын мәлім етті. Басылым қоғам белсендісі Ержан Тұрғымбайдың «Мамай Амантай қажының жетілдірілген түрі» деген сөзін алға тарта отырып: «Билік Мамай арқылы шетелден келетін гранттарды бақылап-басқарып отыр. Шетелдік гранттар нағыз оппозицияның қолына тимеуі үшін билік Мамайды белсенді оппозиция ретінде көрсетіп, гранттарды Жанболат жаққа бұруға мүмкін жағдайдың бәрін жасап отыр. Қолма-қол қаржы түріндегі шетелдік гранттар шашау шықпай бірден Мамайдың уысына келіп түсіп жатыр. Осыдан біраз уақыт бұрын Жанболат АҚШ елшілігі өкілдерімен әмпей-жәмпей бола қалды. Сөйтсек, АҚШ үкіметі оның қолына 1,7 миллион доллардың грантын ұстата салыпты,-деп жазды.
Біреудің дүниесін тізбектегенді жақсы көретін Мамай өз «бизнесі» туралы әзірге ауыз ашпай отыр.