Левитан түркістандықтарды тік тұрғызды

Oinet.kz 05-05-2020 1799

Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бүгін таңертең Түркістан қаласының тұрғындарын тік тұрғызды. Соғыс жылдары радиодан күнделікті майдан жаңалықтарын оқыған танымал диктор Юрий Левитанның даусымен хабарлама берілді деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg

«ВНИМАНИЕ! ВНИМАНИЕ! ВОЗДУШНАЯ ТРЕВОГА! ПРОСИМ ВАС СОБРАТЬ ПРОДУКТЫ И УКРЫТЬСЯ В БЕЗОПАСНОМ МЕСТЕ…»,- деген Левитанның даусын естіген жұрт дүрілігіп кеткен көрінеді. 

- Алғашында аңтарылып қалғанымыз рас. Бірақ дауыс Левитандікі болғандықтан «біреу әдейі немесе шатасып қойып жіберген шығар» деген болжамға келдік. Қалалық төтенше жағдайлар басқармасына хабарласқанымызда: «Жүйеге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр еді. Күнделікті хабарланыруды қосып отыратын мамандарымыз шатасып, қойып жіберіпті. Алаңдауға еш негіз жоқ» деген жауап алдық. Мейлі, солай-ақ болсын. Бірақ жауапты маман өзінің нені қосқанын түсінбей ме? Егер шатасқан болса, бірден өшіруі керек еді ғой? Егер «күнделікті коронавирусқа қарсы сақтық шаралары туралы хабарландырудың орысшасын шатасып, қойып жіберіпті десе», құлаққа кірер еді. Ал 75 жыл бұрын соғыс кезінде жазылған Левитанның дауысын біреу ютубтан көшіріп, әдейі салмаса, өзі кеп түсіп кетпейтін шығар? Таңатпай түркістандықтарды жылы төсегінен тік тұрғызған дабылдың қағылғанына, міне 3 сағат болды. Бірақ әлі ешкім, не қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан, не қалалық әкімдіктен «бұл жалған ақпарат еді. Мамандарымыз қателісіп қойып жіберіпті. Кешірім өтінеміз. Алаңдамаңыздар!» деп әкімдіктің ресми сайтында, не әлеуметтік желіде жазба қалдырған жоқ. Онсызда қауіпті індеттен қажып, табиғи апатқа алаңдап отырған елмен осылай ойнауға, халықпен қалжыңдасуға бола ма?- деп жазды осы жөнінде Фейсбуктегі парақшасында журналист, «Хабар» агенттігінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі Жандос Жұмабеков.


Тағы оқи отырыңыз

60d8aafbb91f8b213f291d3a0fae3c0a.jpg

Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекторды тазалауға көмектеседі

Онсыз да үрей құшағында отырған елді дүрліктіру төтеншеліктерге не үшін қажет болды?  Осыдан 70-80 жыл бұрынғы диктордың даусын жазып алып, оны дабыл қондырғыларына енгізіп қою жоғарыдан берілген нұсқау ма әлде еріккендердің әрекеті ме? Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшылары осы жәйттің себептерін неге түсіндірмейді?

Тасқыннан зардап шеккендерге өтемақы төлене ме?
«Шаршап жүрген» Дүйсенова елдің өтінішіне құлақ аса ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу