Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекторды тазалауға көмектеседі

Oinet.kz 05-05-2020 1954

Өзбекстан Мақтааралдағы барлық коллекорды тазалауға көмектеседі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты 24.kz сайтына сілтеме жасап.

02-05.jpg«Жалпы Өзбекстан тарапының мамандарымен тығыз байланыстамыз. Жағдай тұрақтанғаннан кейін олар өздерінің техникасымен кіріп, біздің бүкіл коллекторларды тазалауға көмектесетіндігіне келісім алып келдік. Біз тек шекарадан өтуге мүмкіндік беруіміз керек», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Айтуынша, Мақтаарал ауданындағы елді мекендерге жерасты суы жақын орналасқан. Су ұзақ уақыт жатып қалуы мүмкін. «Сондықтан аталған елді мекендердің айналасынан үлкен арықтар қазып, суды сол арықтарға сорғыту үшін техника қажет болады. Осыған орай Экология министрлігімен бірігіп, республика өңірлерінен мотопомпаларды, сорғыларды алдыру керек болады»,- деді ол.

Коронавирус індетін жұқтырған тағы 72 жағдай тіркелді
Түркістан: Өмірзақ Шөкеев үкімет сағатында мақтааралға қатысты баяндама жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу