Сөйлейтін қарға туралы білесіз бе?

Oinet.kz 26-02-2019 1457

706-1476212624-9eeaf2d51b.jpg

Сәлеметсіздерме, оқырман достар! Адам болғасын түрлі жағдайларға тап болып, түрлі әңгімелер естіп, таңырқап, шошып, қорқып та, қуанып та жататынмыз бар біздің. Бірақ, оның ішінде қорқынышты жағдайларды естіп жатқанда есін кетеді. Бойыңды үрей алатыны рас. Оның ішінде шайтанның арбауы - өте бір қорқынышшы жағдай. Оны көрмек түгілі естігенде қорқынышты. Мен естідім, ол кісі көрген екен (Құдай сақтасын).  Сіздерге айтып отырғаным, Алланы зікір етуді ұмытпау мақсатым.  Бір әжейдің басынан өткен оқиғасы. Таң ата бастаған уақыт екен. Әжей қорада сиыр сауып отырады. Бір кезде қарғалар қиқулап, қора ішінде түрлі дыбыстар шығады. Басында анық естілмеген дыбыс, кейін аңдап тыңдаса қарға әжейдің атын атып тұр екен. Атын кәдімгідей анық атағаннан кейін әжейдің аузы жүрегіне тығылып , қорыққанынан сиыр сауып отырған шелегін тура лақтырып, үйге қарай еңбектеп жүгіреді. Қарғаның қиқулағанын естісе де, қанша өмірді көрген әже сөйлегенін бірінші рет көріпті. Ол түгілі менің өзім бірінші рет естіп отырмын.  Сөйтсе, қарға болып елестеген шайтан екен. Ол кісі көрді, біз естідік! Алла сақтасын, шайтанның арбауынан сақтап, адастырмайтын жалғыз Алла! Ендеше, тәубемізді ұмытпайық!

«Ана Бол» бастарыңыздан өткен оқиғаларға  арнайы маман кеңесін беріп ғана қоймай, шытырман,тылсым, қызықты оқиғаларыңызды жариялауға мүмкіндік береді.  Сонымен қатар, дәмді ас рецепттері, қолыңыздан келетін шығармашылығыңызбен (әшекей жасау, қолөнер) бөлісе аласыздар. Ең таңдаулы шығармашылық сайтта сенбі күндері жарияланатын болады. Хаттарыңызды anabol.kz.tv@gmail.com почтасына жолдаңыздар.

Дереккөз : anabol.kz

Көпшілік жерде тамақ ішу мәдениеті қандай?
Кір сабынның қандай пайдасы бар?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу