Сатыбалды Тілеуұлының туғанына - 140 жыл
03-05-2023
Батыс өңірлерінде Наурыз мерекесі 14 наурызда «Көрісумен» басталып, айдың соңына дейін жалғасады. Мұны амал мерекесі деп те атайды. Шығыс күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы хамал (амал) айының 1 жұлдызы болып есептеледі. Хамал - Тоқты шоқжұлдызының ескі парсыша атауы. Күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады. Қазан төңерісіне дейін бүл күн 1 наурызға тура келген. Қазіргі күнтізбе бойынша ол 14 наурыз.
Бұл күні адамдар таң қылаң бере орындарынан тұрып, үй ішін, ауласын тазалап, дастархан әзірлеуге кіріседі. Көрісу күнінде ағайын өкпе-ренішін ұмытады. Бір-бірін дастарханға шақырады. Міндетті түрде үш үйдің есігін ашу керек деген түсінік қалыптасқан. Бұл күні қазақ бір-біріне "Бір жасыңмен!", "Жасың құтты болсын!", "Жасың қайырлы болсын!" деген тілектер арнаған. Осы күні жасалатын ырымдар да бар. Мәселен, қарыздан осы күнге дейін құтылуға тырысады. Көрісудің де өзіндік дәстүрі бар. Ер адамдар құшақтасып, төс түйістіреді, әйелдер болса, құшақтасып, беттерінен сүйіп, көріседі.