«ЛГБТ қатарында шенеуніктер мен прокурорлар да бар» - ЛГБТ қауымдастығының лидері

Oinet.kz 09-03-2021 2362

ЛГБТ қауымдастығының Еуропада тұратын қазақстандық лидері олардың қатарында шенеуніктер де бар екенін жеткізді. Бұл туралы ол Azattyq ryhy тілшісіне берген сұхбатында айтты. 

Данияр Сәбитов.jpg

– Өкінішке қарай, Парламент депутаттары құқық мәселесінде гомофобия саясатына келгенде өте белсенді. NurOtan депутаттары «гей-пропагандаға» тыйым салу туралы заңды қабылдауға тырысып жатқандарына біраз уақыт болды. Компартия депутаты Магеррам Магеррамов Қазақстанда ерлер арасындағы ерікті түрдегі жыныстық қатынасты Қылмыстық бап бойынша қарауды қайтару қажеттігі туралы ашық түрде жариялады. Қарағандылық судья Бибігүл Төлегенова мен Жоғарғы сот кеңесінің мүшесі Николай Мамонтов бізді азғындар деп атады. Олар гомофобия арқылы саяси ұпай жинай аламыз деп ойлайды, бірақ Қазақстанның қарқынды түрде дамып жатқанын түсінбейді. Ең ауыры өз  гомофобия саясатын гейлер мен лесбиянкалар, бисексуалдар мен трансгендерлі адамдар өздері қолдап отыр. ЛГБТ адамдары шенеуніктердің де, министрлер мен прокурор, судьялардың арасында да бар. Өкінішке қарай, олар үшін гендерлік бірегейлігі бір бауырларының қауіпсіздігінен гөрі, ақша, мансап артық боп тұр - деді қауымдастықтың бүгінгі таңда Еуропада тұратын қазақстандық лидері Данияр Сәбитов

Мамай мен «Тазша бала» тіл табыса алмай жүр
«Құрметті Президент!» - Айнұр Тұрсынбаева Тоқаевқа үндеу жасады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу