Балалық шақтың тәтті естеліктері өмірді ұзартады

Oinet.kz 19-04-2019 1451

image_l (27).jpg

"Балалық кезі, әсіресе, ата-анасымен қатынасы туралы жағымды естеліктері бар адамның денсаулығы құрдастарына қарағанда жақсырақ болады. Олар депрессияға және созылмалы ауруларға сирек шалдығады.", - деп хабарлады Америкалық психология қауымдастығы. Зерттеу жетекшісі Уильям Дж. Чопиктің айтуынша, балалық кез туралы жақсы естеліктердің денсаулыққа және психикалық жағдайға пайдасы бұрыннан дәлелденіп қойған. Балалық шағында бәрі жақсы болған ересектер үйлесімді жеке өмірін құра алады, олар жоғары еңбек өнімділігімен ерекшеленеді, психологиялық белсенді өнімдерді қолданбайды және депрессияға жиі ұшырамайды. Уильям Чопик Мичиган университетінің докторы Робин Эдельштейнмен бірге жасы ұлғайған адамдар арасында осыған ұқсас зерттеу жүргізіп, балалық шақтың жағымды естеліктерінің пайдасына тағы да көз жеткізген. Зерттеушілер 22 000 қатысушысы бар екі топқа анализ жасаған.

 1-топта 40 жастағы адамдар болса, 2-топта 50 жастан асқан адамдар болды. Зерттеушілер бұл топтағы адамдарды 18 жыл бойы бақылайды. Қатысушының ата-анаға жақындығы, жалпы денсаулық жағдайы және депрессия белгісінің бар-жоғына байланысты сауалнама жүріп тұратын. Зерттеу барысында бала кезінде анасына жақынырақ болған екі топтың да қатысушылары өздерін (денсаулығы жағынан) жақсы сезінген және оларда депрессия белгілері аз болған. Әкесінің қамқорлығы туралы еске алғандарда да депрессияның белгілері аз болған. Алайда, анасының ерке баласы, сүйіктісі болғандардың психологиялық денсаулығы ұлғайған жасында да жақсы болып қалған. 

Ата-ана мен бала арасындағы жақын байланыстың оң әсері сөзсіз, дәлелденген. Қамқорлық пен түсіністік, баламен жақсы қатынас – сіздің ата-ана ретінде балаға бере алатын ең жақсы сыйлығыңыз. Қызықты мақалалар:
Дереккөз: massaget.kz

Фруктоза денсаулыққа қаншалықты қауіпті?
Өмірді жақсартуға арналған 7 кеңес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу