Көпшілік ортада өзіңді қалай ұстау керек?

Oinet.kz 28-02-2019 6233

164-1476212662-c56c0ba797.jpg

«Қыздың жолы-жіңішке, ұлдың жолы-ұлы жол» дегенге бойласақ, нәзік жанды қыздарымыздың  өзі ғана емес,  әрбір істеген ісі оның нәзіктігіне сай болуы керек. Тәнің қанша сұлу болғанымен, тартымсыз  қылығыңмен, әдепке жат ісіңмен кез-келген  адамды өзіңнен теріс айналдыруың ғажап емес. Сол себепті қыз жігіттің алдында да, өзге ортада да өзін дұрыс ұстай білуі шарт.

Ал anabol.kz-те  көпшілік ортада өзіңді қалай  ұстау керектігі жөнінде психолог Күлмаш Елшібаева баяндайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша стипендия иегері, Психологтардың Қазақ Ассоциация мүшесі, «Жан шуағы» психологиялық орталығының директоры, психолог-практик Елшібаева Күлмаш Ғалымжанқызы

Мейрамханада  әрине спорттық үлгідегі емес, сұлулығыңызға, нәзіктіңізге  үйлесім беретін  көйлек және соған сай биік өкшелі  аяқ киім киген дұрыс. Өйткені, өкшесі  биік аяқ киімде жүрісіңіз сәнді болады әрі асығып-аптықпай жүресіз. Шашыңызды үнемі бос жіберетін болсаңыз, бұл жолы жинап немесе  түйіп қойсаңыз жарасады. Қыз баланың сөмкесіз жүре алмайтыны тағы бар. Мұндай кештерде  күнделікті ұстап жүрген сөмкеңізден гөрі  көлемі кішілеу, түсі мен пішіні ыңғайлы, денеңізге қонымды болғаны жөн. Өзіңізді еркін ұстаңыз, қысылып-қымтырылмаңыз. Егер, ыңғайсыздық туып, өзіңізді қолайсыз сезініп жатсаңыз, іштей «Мен өзімді еркін ұстай аламын!»  деп бұлшықеттеріңізді барынша  босатып, байқатпай 4-5 рет  терең тыныс алсаңыз көмектеседі.

Ал, енді  ресторанға, театрға немесе  дүкенге  болсын, алда-жалда  бірінші  кіріп кетуге асықпаңыз.  Және бірінші қыз бала кіру керек деген  міндет емес. Одан кейін  жаз мезгілі  болмаса, міндетті түрде жеңіл болса да сырт киім киіңіз. Осы сырт киімді шешуге жігітіңіздің  көмектесуіне ыңғай білдіріңіз.  Одан кейінгі ескеретін жайт, отыратын орындарыңыз. Оны да сіз емес, алдымен, жігітіңіздің таңдағаны дұрыс.  Ал қай жерге  отырғыңыз келетінін  сіз өзіңіз шешесіз. Жігітіңіз  сізден кейін отыруы керек.  Негізі, сіз көпшілікке қарап, ал жігітіңіз сізге, яғни отырғандарға теріс қарап отырғаны дұрыс. Сөмкеңізге  келетін болсақ,  оны үстелдің  үстіне  қоюға болмайды.  Кішірек  болса, алдыңызға  алып, ал үлкен болса орындығыңызға іліп  қойғаныңыз дұрыс.

Әжетханаға  қол сөмкеңізбен  барған дұрыс. Айнаға қарап, шашыңызды, бетіңіздегі бояуды  ретке келтіріп,  иіссу  сеуіп алсаңыз болады. Үстелден  тұратын кезде де асығыстық жасамай, жігітіңіздің даяшымен есептескенін күтіп, одан кейінірек тұрыңыз.

Ал,театрға немесе киноға барғанда бірінші рет кіріп тұрғаныңызды  байқатпаңыз. Ешқашан айналаңызға  таңқалып қарамаңыз.  Мұндай орындарға  ер адам бірінші кіреді. Қыз жігіттің оң жағында  отыру керек екендігін есте ұстаңыз. Көріп отырған киноңыз не болмаса сахна көрінісі  сізге ұнаса да, ұнамаса да оны сол жерде айтып салудың қажеті жоқ. Бұл да  әдепсіздікке  жатады. Сонымен қатар, айғайлап күлуден аулақ болыңыз. Немесе  қорқынышты фильм жүріп жатса, қатты дауыс  шығарып қорқудың да қажеті жоқ.  Қандай жағдайда да өзіңізді ұстай біліңіз. Жұмбақтау болыңыз, сонда жігітіңіз  үшін  соншалықты қызықты, құпия боласыз. Ал  жұмбақ қыз жігіттерге, оның жұмбағын  шешуге әр уақытта қызықтырады.

Дереккөз :anabol.kz

Адамның қолына қарап ауруларды анықтауға болады
Мейірім мен әдептілік туралы тәмсіл
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу