Адамның қолына қарап ауруларды анықтауға болады

Oinet.kz 28-02-2019 1149

791-1476213241-a51bea131c.jpg

Медицина ғылымы адамның денсаулығы туралы көптеген мәліметтер алуға болатындығын анықтап отыр. Адамның қолы, яғни, саусағы, алақаны, тамырлары, терісі, тіпті, тырнақтарының орналасуы, ұзындығы арқылы аурудың бар-жоқтығын, дерттің болу болмауын біле аласыз.

Денсаулығы мықты адамдардың саусақтары иілгіш келеді екен.

Саусағы ылғи ісініп жүретін болса, тыныс алу жолдарының дұрыс еместігін білдіреді.

Ал алақанның сыртындағы тамырлардың көптігі қан құрамында көмір қышқыл газының көптігін көрсетсе керек, мұнай жағдайда, таза ауада ұзақ уақыт серуендеген пайдалы.

Егер тырнағыңыз ұзын болып, ісініп тұратын болса бұл бүйрек ауруының белгісі. Ал тырнақ сынуға бейім болса ағзада минералды заттар жетіспеушілігін білдіреді.Тырнақтың ісініп кету себептері жиілісе жүрек, ішек, өкпе ауруларының барын айтады.

Егер, теріңіз құрғақ болса горманальды бұзылулар мен дұрыс тамақтанбау салдарынан.

Ал қолдың үнемі суық болуы қан айналым жүйесінің дұрыс еместігін көрсетеді. Ал қолдың ысып жүруі ағзада минералдардың жетіспейтіндігінен екен.

Жүйке жүйесі сыр бере бастаса, тері жиі жыбырлай береді.

Теріңіз ағарып тұратын болса, қаныңыздың аз болғандығының белгісі. Ал ісініп кете берсе, бүйрегіңіз ауыратын болуы керек.

Дереккөз : anabol.kz

Зергерлік бұйымдарыңыз жаңа тәрізді жарқырап тұрсын десеңіз..
Көпшілік ортада өзіңді қалай ұстау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу