Адамды қалына қарап қандай екенін білуге болады

Oinet.kz 28-02-2019 2350

989-1476216996-ee05582551.jpg

Қал қайда болса......

Денегдегі қал қай жерге орналасуына қарай адамдардың мінез-құлқы,болашақ тағдыры хақында неше қилы жормалдар,пайымдаулар айтылады.Егер денеде неғұрлым қал көп болса,мән-мағынасы да соғұрлым мол,әрі алдын-ала жасалатын болжамдар шындыққа жиі үйлесіп жатады.

Дөңгелек қал - бақытты тағдыр кепілі.

Сопақ,озылыңқы қал - сәтсіздік белгісі. Түсі шымқай қара болса,одан да жаман. Енді қалдардың  дененің қай жеріне орналасуына орай қалыптасқан ұғымдарға келейік:

Оң жақ шеке - даңқ пен абыройға бөлейтін ақыл-ой.

Сол жақ шеке - күтпеген қылық,дәрменсіздік.

Көздің қапталында - салмақты мінез,сенімділік және ұқыптылық,құнттылық.

Қастың оң жағы - бақыт,бәлкім ерте үйлену.

Сол жағы - қиыншылық,күрес.

Құлақтағы - қатыгездік.

Оң жақ беттің шеті - бақыт,әсіресе некелік өмірде.

Сол жақ беттің шеті - тауқымет,күйзеліс,тыпырлау.

Бет сүйекте - табыс,жол болу,махаббатқа жету.

Ауыз маңы - бақыт,сезімталдық.

Бұғақтағы - денсаулықтың кемтарлығы.

Мұрындағы - үлкен сәттілік,жыныстық мол қайрат.

Тамақтағы - некемен қоса келетін бақ,атаққұмарлық,мақсатқа жету.

Мойындағы - көптеген мақсаттың орындалуы,кейбір үміттің аяқталмауы,алғашқы кездердегі сәтсіздіктің,бірақ түптің түбінде мерейдің үстем болуы.

Білектегі - мұратқа жеткізетін табиғи қабілет.

Оң қолдағы - сәттілік.

Сол қолдағы - қаржыдан қысылу.

Иықтағы қиын - қыстау, күрделі уақыттар.

Көкіректің сол жағы (еркектерде) - сәттілік пен бақыт.

Әйелдерде - қызу қандылық.

Арқада - адалдық, тазалық, мырзалық, сонымен қоса менмендік, өзімшілдік. Егер мең арқаның төменгі жақтарында болса-сезімталдық пен болар-болмасқа ыңылдап, жыламсырай беруге бейімдік.

Қабырғаның оң жағы - қорқақтық, ерігушілік,дарақылық,езбелік.

Сол жағы - дәл солай, тек өзіне ептеген сын көзбен қарау.

Белде - дені сау, күшті балалар болуы.

Санның оң жағы - қайырымды мінез, байлық, отбасындағы бақыт.

Сол жағында - жалғызіліктік, бәрінен айырылу, жарлылық.

Оң жақ тізе - бейқам, шалқағай неке, қаржыны ұстай алмау.

Сол жақ - беймазалық, тынышсыздық.

Аяқтағы - тасып-төгілетін күш-жігер, асқан еңбекқорлық.

Оң аяқтың табанында - сапар шегуге құштарлық.

Сол табанда - сезімталдық, сергектік.

Оң аяқ пен сол аяқта - жалқаулық.

Дайындаған: Психолог Қанапияева Балжан Нұрғалиқызы

Дереккөз : anabol.kz

Адамды жазуына қарап тануға болады
Көңіл-күйі көтеріңкі болса, адам қандай аурудан жазылады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу