Майданнан 10 ұлы да аман оралған ана
06-01-2024
Асүйде қолданатын сүлгілер (майлық, сулықтар) тез кірлеп, тіпті кейде жағымсыз иіс те шығып жатады. Ендеше, оларды қалай тазартуға, иістен қалай арылтуға болады?
Бұл сұрақтардың жауабын апа-әжелеріміз қолданған тәсілдерден қарап көрелік.
Майлы дақтар
Орта шелек суды пешке қойыңыз. Қайнаған уақытта 2 ас қасық құрғақ ағартқыш, 2 ас қасық сұйық май, 0,5 стакан кір жуғыш ұнтақ (порошок) салыңыз. Одан кейін шелекке кір асүй сүлгілері мен майлықтарды салып, отты өшіріңіз. Су суыған уақытта майлықтарды жуып алсаңыз болғаны.
Ал су қайнатқыңыз келмесе, майлықтарды кір сабынмен (72%) жақсылап сабындап, полиэтилен пакетке салып, ауа өтпестей етіп ауызын түйіңіз. Келесі күні пакетті ашып, майлықтарды жақсылап жуып, шайып алыңыз.
3 литр суға 3 ас қасық ас содасымен сондай мөлшерде ыдыс жуатын сұйықтықты құйып, кірлеген майлықтарды сол суға салыпқойыңыз. 1 сағаттан кейін жуып аласыз.
Жылы суға аздаған сіркесуын қосып, майлықтарға 1 сағатқа салып қоюға болады. Белгіленген уақыттан кейін жуып аласыз.
Түрлі дақтар
Жеміс-жидектің шырынын шаш жуатын сусабын жақсы кетіреді. Ол үшін сусабынды дақ болған дерге жағып қойып, жылы сумен жуыңыз.
Мұсатырлы спирт (нашатырный спирт) пен суды 1:1 мөлшерде алып, қара шай мен кофеден қалған дақтың үстіне құйыңыз. Содан кейін оп-оңай жуып аласыз.
Майлықтағы түрлі дақтарды ас содасы да жақсы кетіреді. Ол үшін салқын суға 1 ас қасық ас содасын салып, майлықты сол суға біраз уақытқа (1 түнге қоюға да болады!) қойып қойыңыз. Одан кейін жуып аласыз.
Дереккөз : anabol.kz