Кентауда кәмелетке толмаған екі қызға қатысты зорлық жасаған ер адам қамауға алынды

Oinet.kz 22-01-2026 57

Түркістан облысының Кентау қаласында кәмелетке толмаған екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған деген күдікпен 45 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

image.png

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті бірнеше жыл бойы екі баланы жүйелі түрде зорлаған болуы мүмкін. Аталған дерек әлеуметтік желілерде жарияланғаннан кейін полиция тарапынан тексерілген.

Түркістан облысы полиция департаменті бұл ақпаратты ішінара растады. Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылдың желтоқсан айында кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер дерегі бойынша арыз түскен. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

FlyArystan ісі бойынша тексеру басталды — Көлік министрі
Жұмашевтың үкімі өзгертілді. Енді оның орнын Орынов баса ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу